ҚР ДСМ: Эпидемиолог мамандарды даярлау бойынша мемлекеттік білім тапсырысы 40 процентке артады

Қазақстанда санитарлық-эпидемилогиялық қызмет саласындағы мамандарды арттыру жұмысы қолға алынады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен COVID-19 індетіне қарсы күрес шараларын әзірлеп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру бойынша жұмыс тобының отырысы өткен болатын. Отырыс барысында Денсаулық сақтау министрлігінің адам ресурстары мен ғылым департаментінің директоры Сәуле Сыдықова 2020-2022 жылдары санитарлық-эпидемилогиялық қызмет саласын жоғары білімді медициналық кадрлармен қамтамасыз ету жоспарын баян етті.
Оның мәліметінше жоспарға сәйкес биыл санитарлық-эпидемилогия саласы бойынша мамандарды даярлау мақсатында мемлекеттік білім тапсырысын 40 пайызға арттыру (315) көзделген. Сол секілді 2021 жылы бұл көрсеткішті 60 пайыз (360 адам), 2022 жылы 75 пайызға (395 адам) арттыру жоспарлануда.
Сондай-ақ республикалық бюджет есебінен кадрлардың біліктілігін арттыруда пандемияны есепке ала отырып, эпидемиология, инфекциялық аурулар, жедел жәрдем, лабороториялық диагностика мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандарға баса назар аударылады.


Денсаулық 01 мамыр 2020 г. 527 0