Ноутбук табысталды

Қауіпті індетке байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан дәрігерлер бірнеше апта бойы отбасынан тысқары жүр. Облыс әкімдігі коронавирус инфекциясымен күрескен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасап, кәсіпорындар мен қоғам белсенділері қолдау көрсетуде.

Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қоры «Covid-19» панде­мия­сымен күресуші көпбалалы 16 кіші буын қызметкеріне ноутбук табыстады. Сыр өңірінің барша медицина қызметкерлері қиын сәтте қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді.

Айта кетейік, Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қоры Павлодар, Көкшетау, Шымкент, Теміртау, Талдықорған және Ақтөбе қалаларының меди­цина мамандарына да компьютер сыйға тартқан.

Денсаулық 25 сәуір 2020 г. 425 0