Лимон мен зімбір неге қымбат?

Алматыда азық-түлік сатып алуға 5 млрд бөлінді. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында айтты.
«Біз 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынын 18 түрін сатып алу туралы келісімшартқа отырдық», - деді Еркебұлан Оразалин. Оның айтуынша, сатып алынған азық қоры үш-бес айға жетеді және алматылықтардың толық қажеттілігін қамтамасыз етеді.
 «Біз нарықтағы тауарлар бағасының өсуін тежеуге тырысамыз. Мәселен, Magnum гипермаркетінде картоптың бағасы 1 кг үшін 110 теңге, ал нарықта оның бағасы 200-ге жетеді. Сонымен қатар, лимон мен имбирдің бағасы қымбаттап кетті. Бұл таза нарықтық механизм, өйткені оларға сұраныс артты», - деп толықтырды Оразалин.


Денсаулық 06 сәуір 2020 г. 595 0