Ота алдында қолды жууды ойлап тапқан дәрігер кім?

Кез-келген медицина қызметкері іске кіріспес бұрын қолын жуып, дезинфекция жасауға міндетті. Аталмыш ереже медицина әлеміне жәй келе салған жоқ. Қолды дезинфекциялауды 1846 жылы венгер дәрігері Игнац Земмельвейс ойлап тапқан.
Ақ халатты госпитальдарда әсіресе, босану бөлімінде өлім-жітімнің көптігіне назар аударады. Жағдайды зерттей келе дәрігер әйелдерді босандыруға медицина факультетінде оқып жүрген студенттердің көмектесіп жүргенін біледі. Сөйтсе дәл сол студенттер жұқпалы аурулар бөлімінде жұмыс жасап, сондай-ақ мәйіттерді ашуға қолғабыс етіп жүрген екен. Игнац босануға келген келіншектердің өліміне қауіпті бөлімде қызмет етіп жүрген жас шәкірттердің қолды жумауы себеп екенін бірден түсінеді. Қарапайым ережені ұстанбау адам тағдырын шешетініне көз жеткізген ол кейіннен қолды жуу ережесі мен медицина құралдарын әр қолданудан кейін хлорлы әкпен тазалауды ұсынады. Өз пікіріне зерттеу жүргізе келе ол оның пайдасын да көреді. Алайда Земмельвейс көзі тірісінде бұл жаңалығына ешкімді сендіре алмай кетті. «Сандырағы» үшін госпитальдан қуылады. Ғалымның ажалы да дәл  сепсистен  (ағзаға жұқпалы аурудың тұтас жайылып кетуі) келген екен.

Денсаулық 31 наурыз 2020 г. 715 0