Вирустан қорғану үшін қолды сабындап жуу жеткіліксіз...

Пекин медициналық университеті ауруханасының фармацевті Ван Хайин коронавирустан қорғану үшін маска тағып, қолды сабындап жуу жеткіліксіз екенін айтады.

Ол «Хуаньцю шибао» басылымына берген сұхбатында вирус ең алдымен тыныс алу жүйелері арқылы ішке енетінін, сондықтан мұрынды шаю –аурудан қорғанудың басты шарты екенін ескертті. «Мұрын қуысында көптеген шырышты қабат бөліктері бар, онда небір микроорганизмдер, вирустар жинақталады, сол себепті сырттан оралғанда міндетті түрде мұрынды шаю керек» дейді медқызметкер.

Мұрынды шаюға қайнаған жылы су жеткілікті. Бірақ тым суық және тым ыстық су мұрынның шырышты қабатын тітіркендіріп, оның қорғаныс қабілетін төмендетеді.

Кейбіреулер дәріханадағы тұзды суды да пайдаланады. Қытай маманының айтуынша, тұмаудың алғашқы белгілері бар және созылмалы ринитпен ауыратын адамдар ғана тұзды суды пайдаланған жөн.

Егемен.кз
Денсаулық 29 наурыз 2020 г. 1 103 0