Қазақстанның бас инфекционист-дәрігері Динагүл Баешова коронавирус жұқтырудан сақтанып жүру үшін қолды қалайша дұрыс жуу керектігін көрсетіп берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бас инфекционист-дәрігердің кеңесі Qazaqstan Ұлттық телеарнасының телеграм-каналында жарияланды. Айта кетсек, бұған дейін мамандар коронавирустың таралуына жол бермеу үшін алдын алу шараларын сақтау керектігін ескерткен еді. Тұрғындарға халық көп жиналатын орындарға барудан уақытша бас тартқан жөн. Сондай-ақ дәрігерлер жұқпалы дерттен қорғану үшін қолды сабынмен жиі жуып тұруға кеңес береді.