« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қытайдан шығып, бірнеше мемлекетке тараған коронавирус кеселі туралы соңғы бір-екі тәуліктегі ақпараттарды сараптағанда, Хубэй провинциясынан басқа жерлерде коронавирус жұқтырғандардың саны азайғаны байқалады. 22 ақпан күні Хубэйден басқа жерлерде тек 18 жаңа факт тіркелсе, ҚХР-дің 21 ауданы коронавирус тіркелмегенін мәлімдеді. Денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, 22 ақпанда тіркелген 648 жағдайдың 630-ы Хубэй провинциясында анықталған.
«30 қаңтардан бастап бірнеше ауданда коронавирус тіркелмеді. Алғашқылардың бірі болып Тибет автономды ауданы коронавирустың жаңа фактісі тіркелмегенін мәлімдеді. Одан кейін Цинхай провинциясында 17 күн бойы осындай жағдай сақталып тұр. Соңғы тәулікте 21 ауданда коронавирустың жаңа фактісі тіркелмеген» деген мәлімет бар.
Аурудың алдын алу мекемелері мен медициналық мамандардың алғашқы тексеру-зерттеуінің қорытындысы коронавирустың жабайы жануарлардан адамға жұғуы, одан адамдар арасында таралуы мүмкін дейді. «3 ақпан күні Мемлекеттік базар бақылау-басқару бас мекемесі, Экологиялық қоршаған орта министрлігі, Мемлекеттік орман шаруашылығы және жайылым мекемесі секілді 10 министрлік пен комитет жабайы жануарларды заңға қайшы саудалауға тыйым салу үшін арнаулы заң ережесін бірлесіп белгіледі. Індет таралған мезгілде бүкіл ел бойынша ең қатаң басқару-тізгіндеу шаралары атқарылып, жабайы жануарларды саудалауға жаппай тыйым салынды» деп жазады БАҚ. Осыған сәйкес Қытайдың Жабайы жануарларды қорғау қоғамы арнайы үндеу жариялады. «Жабайы жануарларды азық ретінде жеуді тоқтатайық және оларға еш жақындауға болмайды. Қажет болған жағдайда қауіпсіз аралықты сақтайық. Бұндай тыйым салынған жануарларды заңсыз саудалайтын базарлар және заңға қайшы әрекеттер байқалса, сол жердегі басқарушы немесе заң атқару орындарына дереу хабарлансын» деп мәлімдеген.
Ал Оңтүстік Кореяда жаңа коронавирустан жетінші адам қаза тапты, тағы 161 адам індет жұқтырды. Осылайша, бұл елде жалпы дертке шалдыққандар саны 763 болды. Денсаулық сақтау органдары өкілдерінің айтуынша, Чхонда оңтүстік-шығыс аумағындағы емханаға барған 62 жастағы ер азамат жексенбі күні коронавирустан өмірден өтті. Қазіргі уақытта Қытайдан келген індет жеті адамның өмірін қиды. Билік өкілдері вирус таралып жатқан екі негізгі ошақты атады, олар – оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласындағы діни секта мен көршілес Чхонодағы емхана. Елдегі дертке шалдыққандардың жартысынан көбі осы аумақта тіркелген. Вирус жұқтырған жаңа 161 адамның 142-сі Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым қашықтықта орналасқан Тэгу қаласы мен көршілес Солтүстік Кенсанда анықталды. Тағы үш оқиға – Сеулде. Жексенбі күні Оңтүстік Корея вирусты ескерту дәрежесін ең жоғарғы – «қызылға» дейін көтерді. Бұл мектептерді уақытша жабуға, Оңтүстік Кореядан шығатын және келетін рейстердің санын қысқартуға мәжбүрледі. Коронавирустың таралып кетуін болдырмас үшін Білім министрлігі барлық балабақшалар мен мектептерге жаңа семестрдің басталуын бір аптаға шегере тұруды тапсырды.
Италияның Венето ауданында дәстүрлі Венеция карнавалын өткізуге тыйым салынды. «Венеция карнавалының көпшілікке арналған іс-шаралары барлық құзырлы органдармен келісе отырып, екі күн бұрын тоқтатылды» делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада. 23 ақпан күнгі мәлімет бойынша, Италияның Ломбардия және Венето провинцияларындағы 12 қалаға коронавирусқа байланысты карантин енгізілді, елді мекендердегі 50 мыңға жуық тұрғын үйде қалуға мәжбүр. Еске сала кетсек, Италияда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта 150 адам ауруға шалдыққан. Сенбі күні Италия үкіметі екі адам қайтыс болғаннан кейін коронавируспен күрес бойынша «төтенше шаралар» қарастыратынын мәлімдеп, елдің солтүстік аймағының тұрғындарына өз үйлерінен шықпауға кеңес берді. Сонымен қатар, Миландағы «Ла Скала» театры жексенбі күні коронавирус инфекциясына байланысты сақтық үшін жұмысын тоқтатқанын мәлім етті.
Иранның да кейбір провинциясының билігі коронавирус таралмауы үшін бірқатар оқу орындарын жабу туралы шешім қабылдады. Алғаш рет коронавирус тіркелген Кум провинциясында екі күнге – жексенбі және дүйсенбі күндері – барлық мектептер мен жоғары оқу орындарын жабу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, Тегеран, Керманшах, Хамедан, Казвин, Ардебиль, Мазандаран, Альборз және Голестан провинциялары да осындай ұйғарымға келді. Маркази және Гилян провинцияларында оқу орындарын бір аптаға жабу туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек, коронавирустың таралуына жол бермеу жедел штабы елде 10 күнге – 24 ақпаннан 5 наурызға дейін барлық спорттық шаралардың тоқтатылғанын хабарлады. Иранның мәдениет министрлігі де 28 ақпанға дейін елде ешқандай мәдени бағдарлама болмайтынын жариялады. Иранда жаңа типті коронавирус жұқтырғандар саны 29 адамға жетті, алты адам қайтыс болды.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |