«Q-MED» ауқымын кеңейтті

Әлеуметтік саланың ішіндегі ең маңыздысы – медицина өрлеп-өркендеу үстінде. Облыс қазынасынан бұл салаға бөлінетін қаржы айтарлықтай өсті. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке де ерекше көңіл бөлінуде.  Осындай тиімді әріптестіктің аясында қалада «Q-med» емдеу мекемесінің жаңа орталығы ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты. Орталықтың ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы қажетті кеңес пен дертіне шипа іздеген азаматтарға қызмет ұсынып отырған емдеу мекемесіне сәттілік тіледі.

– Басты байлық – денсаулық. Ұлт пен ұрпақ саулығын алдың­ғы орынға қойған мемле­ке­тімізде медицина саласына қолдау жасалған. Облыс бюд­жетінің де басым бөлігі ден­саулық сақтау саласына жұм­салады. Бүгінде халыққа сапалы қызметін ұсынатын жеке клиникалар да көбейіп келеді. Соның бір дәлелі – «Q-MED»-тің екінші ғимаратының ашылуы. Бұл бастама әлеуметтік жағынан тиімді. Қазір орталық 25 адамды жұмысқа тартты, со­ның ішінде жас мамандардың тұрақты жұмыспен қамтылуы назарға алынды. Өңірдегі мемлекеттік және жеке медициналық кол­ледж сту­дент­­терінің де осы орта­лық­­тан тәжірибе жинақ­тауына мүм­кіндік бар, – деді облыс әкімі.

Шарада денсаулық сақтау  са­ла­сының ардагері Ақмырза Сы­дықов та тілектестігін жет­кізді.

«Q-MED» медициналық орталығы 2016 жылдың мамыр айында Новосибирск қа­ласындағы Ашот  Ха­чатря­н­­ның «Халықаралық ден­сау­лық академиясы» кли­ни­касының аналогы бойынша ашылған болатын. Емдеу мекемесінде ересектер мен балаларға бірегей емдеу-сауық­тыру бағдарламалары қолда­нылады. Орталық ем алушы­лардың иммунитетін табиғи қал­пына келтіруге негізделген бағдарлама арқылы жұмыс істейді. Соңғы төрт жылдың ішінде орталықта 4600 адам кеңес алып, 3600 науқас ке­шенді емдеуден өткен. Байқа­ғанымыздай, жаңа ғимараттағы интерьер жайлы, барлық жағдай жасалған. Мамандар әрбір келушінің осы жерден дертіне дауа табарына сенімді.

– Қаладағы «Өркениет» меди­цина колледжін тәмам­дағаннан кейін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы ар­қы­лы осында жұмысқа орналастым. Мұнда одан әрі шыңдалып, жаңа орталықтың жемісті жұмыс жүргізуіне үлесімді қосамын, – деді жас маман Салтанат Амандық.

Расында, МЖӘ мемлекет пен бизнестің өзара ын­ты­мақтастығын арттырып, қажетті инфрақұрылымды жаң­ғыртуға мүмкіндік сыйлап отыр. Бұл жерде жастарды жұмыспен қамту мәселесінің де шет қалмағаны қуантады.


Мөлдір Қалымбет.

Денсаулық 24 желтоксан 2019 г. 1 317 0