« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2019-2020 жылдардағы эпидмаусымында облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясының 3327 жағдайы есепке алынып, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш 428,1%00 құраған.
Ауруға шалдыққандардың 72,5 проценті –14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде, оның ішінде 16 проценті –1 жасқа дейінгі балалар. Есепте тұрған 9730 жүкті әйелдің 163 ЖРВИ-на шалдыққан. Ауруханаға жатқызылу көрсеткіші жалпы облыс бойынша 19% (632 жағдай) құрады.
Апталық аурушаңдық көрсеткіш мониторингісіне сәйкес облыстық аурушаңдық апталық көрсеткішінің бақылау деңгейінен асуы және эпидахуалдың күрделенуі байқалмаған.
2019-2020 жылдардағы эпидмаусымында ауыр ағымдағы жедел респираторлы вирусты инфекциясымен119 науқас Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасына ПТР әдісімен тексеріліп, 84 сынамада тұмау емес вирустарға оң нәтиже анықталды. Олардың 29-аденовирус, 4- РС, 5- парагрипп, 13 – риновирус, 17- бокавирус, 16-короновирус.
Тұмау ауруының алдын алу мақсатында «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес 2019-2020 жылдары эпидмаусымына 80000 доза вакцина сатып алынды.
Егілуге тиісті тұлғалар контингентіне келесі топтар кіреді: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар, алты айдан асқан көп ауыратын балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлеріндегі балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдер, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар. Бүгінгі таңда 78199 адам екпе қабылдады, бұл егілуге жататын контингенттің 100% құрап отыр.
Жұмыс берушілер есебінен де вакцинациялау қарқынды жүргізілуде. Атқарылған жұмыс нәтижесінде қаржылай қолдау көрсетіліп, 2000-ға жуық қыметкер тұмауға қарсы екпемен қамтылды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |