Елімізде «Ауруларды басқару бағдарламасының ең озық пациенті» атты республикалық конкурс шеңберінде аудандық және қалалық деңгейдегі кезеңі өткізілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Батыс Қазақстан облысының Тасқала, Шыңғырлау, Ақжайық, Қаратөбе, Жаңғалы аудандары мен Орал қаласының алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуші ұйымдарын ерекше атап өткен жөн. Өзінің денсаулығына деген мұқият тәртібі мен ерекше жауаптылығының арқасында 1-орынға ие болған Чапаев ауылындағы Ақжайық орталық ауруханасының пациенті Наталья Камалетдинова конкурстың облыстық кезеңіне жолдама алды», - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, Қостанай қаласының №1емханасында өткізілген конкурсқа қатысушылар физикалық процедураларға тегін баруға болатын арнайы сертификаттарға ие болды.
«Конкурс қатысушылардың дұрыс тамақтану, дәрі-дәрмектерді тиімді қолдану, негізгі аурудың ағымын төмендетуге себепші болатын қауіптілік факторлары туралы білімдерін көрсететін тапсырмалардан құралды», - делінген хабарламада.
Ауруларды басқару бағдарламасы Қазақстанда 2013 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған.