« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Денсаулық – жеке бастың ғана емес, ұлттық ұстанымымыздың ұлы игілігі, бүкіл қоғамның құндылығы. Содан да, қазақ әу бастан: «Бірінші байлық – денсаулық» деген. Халық денсаулығын сақтау мен аурулардың алдын алу, емдеу бағыттары – мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық мәселе. Кең-байтақ елімізде азаматтардың дене және рухани жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, жалпыға бірдей тегін, сапалы медициналық көмек көрсету – тәуелсіз мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. Бұл туралы біздің Конституциямызда кең көлемде жазылып, Үкіметтің қаулы-қарарлары қабылданып келді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздегі көптеген көкейтесті мәселелердің ара-жігі ашылып, оны тиімді шешу жолдары нақтыланды.
Президентіміз денсаулық сақтау саласына жеке тоқталып, әсіресе, ана мен бала, жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсету, олардың спортпен айналысуына көңіл бөлу керектігін айтты.
«Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. ...Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді», – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету, әсіресе, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігі айқын көрінетінін атап өтті.
Осы тұрғыда біздің Сыр өңіріндегі кейбір денсаулық сақтау мекемелеріндегі халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен мәдениетінің әлі де сын көтермейтінін, күні кешеге дейін денсаулық сақтау саласының сенімді құрамдық бөлігі болып келген фармацияның өзектілігін атап өтуге тура келеді.
«Әрқайсысыңызға мына нәрсені айтқым келеді: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 трлн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімдігін жақсартуға бағытталған. Үшжылдық бюджет аясында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосымша 2,3 трлн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауы қажет. Біздің қателесуге құқымыз жоқ», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Кемелұлының осыншама қыруар қаржының денсаулық сақтау саласына бөлініп, жалпы халықтың денсаулығына, оның ішінде медицина саласының дамуына демеушілік жасауға бағытталған игі бастамасы – қуана қолдауға тұрарлық игілікті іс.
Амангелді
СУХАНБЕРЛИЕВ,
дәрігер-хирург,
ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |