«Тірі пластырь» жүрек ұстамасынан аман қалуға көмектеседі - ғалымдар

Британия ғалымдары миллиондаған дің жасушаларынан тұратын «тірі пластырь» жүрек ұстамасынан кейін адамдардың жылдам жазылып кетуіне септігін тигізеді деп санайды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Ұзындығы 3 см, ені 2 см келетін иілгіш пластырь зертхана жағдайында науқастың жасушаларынан өсіріліп, дені сау жүрек бұлшық етіне айналдырылады. Жаңа ағза жүрек жасушаларын қалпына келтіретін химиялық компоненттерді де шығаруға қауқарлы. Лондонның Империялық колледжінің сарапшылары осы ғылыми жаңалықты Манчестерде өткен жүрек аурулары конференциясында таныстырды. Олардың айтуынша, қояндарға  өткізілген сынақтар кезінде оның зиянсыз екені анықталған.
Британия кардиологтары қоғамының ақпаратына қарағанда, бірер аптаның көлемінде адамдарға сынақтар басталуы  мүмкін.


Денсаулық 04 маусым 2019 г. 783 0