Құрма жеген адамның ағзасында қандай өзгерістер болады?

Құрма – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады.  Өзінің нәзік, тәтті әрі құнарлы сипатымен қазіргі таңда да көптеген әлем елдеріндегі маңызы зор жеміс болып отыр. Ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру-сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтап отыр. 
Бұл мәуені апта бойы үзбей жеп отырсаңыз ағзаңызда өзгерістер болып жатқанына өзіңізде көз жеткізесіз.  
Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай.  Атап айтқанда, ол құрманың қасиеттерін былай жүйелеп көрсеткен:
• Протеин, май, көмір суын (углевод) – үшеуін қатар қамтитын бірден бір жеміс.
• Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;
 • Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы;
• B1, B2 дәрумендерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады;
• Тамақ ауруына, жөтелге пайдалы;
• Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларына таптырмайтын ем;
• Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды;
• Жүйке жүйесінің шаршауын басады;
 • Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;
• Ас қорытуға пайдалы;
 • Тойымдылық қасиеті өте жоғары.
• Балғын құрманың бойында 60-65 пайыз (кепкен құрмада 75-80%) қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді. • Жеңіл босануға септігін тигізеді.

Дереккөз: massaget.kz
Денсаулық 29 мамыр 2019 г. 934 0