Медициналық көмек кімдерге тегін көрсетіледі?

2020 жылдан бастап емханалар мен ауруханаларда медициналық көмек, оның ішінде қымбат диагностикалық және зертханалық қызметтер, 18 жасқа дейінгі балаларға тегін көрсетіледі, себебі балалар мемлекет тарапынан сақтарылатын жеңілдігі бар азаматтардың 13 санаттарына кіреді, - деп атап өтті облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымымен кездесуде Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бас сарапшысы Абылайхан Рахымов.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККҚ) ендірілген пакетінде: жедел жәрдем және санитарлық авиация, бастапқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл жағдайларда стационарды алмастыратын және стационарлық көмек, паллиативті көмек. Әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде:  консультативті-диагностикалық қызмет, амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, туберкулезге шалдыққандарды медициналық оңалту, - деді Рахымов.
Жоспарлы ауруханаға жатқызылған кезде 18 жастан асқан азаматтар қосымша дәрігерлік қызметтерді (МӘМС пакеті) алу үшін жалпы практикалық дәрігерден жолдама алу қажет.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ  Қызылорда облысы бойынша филиалының
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

Денсаулық 22 мамыр 2019 г. 727 0