МӘМС жайлы не білеміз?


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтар арасындағы ортақ жауапкершілік принципі бойынша жұмыс істейді. Себебі, экономика қанша дамыса да, бүкіл денсаулық сақтау саласының проблемаларын бюджеттің мойнына іліп, жауапкершілікті мемлекетке ысырып қоюға болмайды. Өйткені азаматтардың денсаулығы тек медицинаға ғана байланысты емес. Ол азаматтардың өмір сүру салтына, жұмыс істейтін жеріне және әр адамның жеке жауапкершілігіне тәуелді.
Бұл жүйе баршаға теңдей мүм­кіндік береді. Яғни, азаматтар­дың бә­ріне бірдей, бірыңғай пакет ұсы­нылады. Мұнда жарнаны әркім өз мүмкіндігіне қарай төлейді, ал медициналық көмекті қажеттілігіне қарай алады. Жүйеге қатысып, жарна төлейтін азаматтар жоғары технологиялық көмек түрлерін те­гін пайдалануға мүмкіндік алады. Оның үстіне бұл жүйеде сақ­тан­дырылған азаматтар кез кел­ген клиниканың жәрдеміне жүгіне алады. Мұндай жағдайда меди­циналық сақтандыру қоры кли­никаның міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру пакеті аясында қызмет көрсетуге кеткен шығындарын жауып береді. Екіншіден, сақтандырылған азамат кепілдендірілген тегін меди­ци­налық көмек пен міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру па­кеттері аясындағы медициналық көмек үшін қосымша төлемдердің барлық түрлерінен босатылады. Үшіншіден, медициналық сақ­тан­­дыру қоры тарапынан фар­ма­цевтикалық қызмет көрсе­тетін ұйым ретінде таңдалған кез келген дәріханадан кеңейтілген тізім бойынша дәрі-дәрмек ала алады. Төртіншіден, сақтандырылған аза­маттың ай сайын өз атына ауда­рылған жарналар мен медицина мекемелерінде көрсетілген көмек жайлы мәлімет алуға мүмкіндігі бар. Бесіншіден, медициналық сақ­тандыру қоры болашақта меди­циналық қызмет сапасы төмен болып жатса немесе міндетті сақ­тандыру жүйесіне қатысушының құ­қығы бұзылған жағдайда сақтан­дырылған азаматтардың құқығын қорғайтын болады. Жүйенің ең басты артықшылығы, медицина са­ласын дамытуға, бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беретінінде.
2017 жылдың шілде мен жел­тоқсан айларында жұмыс беру­ші­лер жұмыскерлеріне айлық та­­бы­сының 1% көлемінде өз пай­да­­сынан төледі, ал жеке кәсіп­кер­лер сол жылғы ең төменгі ай­лық жалақының 2 еселеген мөл­ше­рінің 5%-і көлемінде және аза­маттық құқықтық келісім-шарт не­гізінде жұмыс атқаратындарға айлық табысының 5%-і көлемінде жарна мен аударымдар аударып отырды. Әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға мемлекет жарнаны 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен екі жылды қоса алғандағы орта айлық жалақының 1,4% көлемінде 13 санат бойынша ай сайын аударып отырады. Аударылған аударымдар мен жарналар Ұлттық банкте сақталады және Қордың ресми сайтында ашық көрсетілім табады.
2018-2020 жылдарға белгілен­ген МӘМС жарналары мен ауда­рымдарының мөлшері жұмыс берушілер (оның ішінде ЖК мен ШҚ иелері өз жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде) 2018-2019 жылдары – 1,5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 2%, жеке тұлғалар 2018-2019 жылдар төле­мейді де, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК (өзі үшін) 1,4 еселенген ең төменгі жалақыдан – 5%, АҚК негізінде еңбек ететін тұлғалар 2020 жылы айлық табысынан – 1%, 2021 жылдан бастап – 2%, өзге санаттар ең төменгі жалақыдан – 5%. Мемлекет  2020 жылы жеңілдігі бар санаттар үшін мемлекеттік статис­тика органы тарапынан өткен 2 жылға бекітілген орташа айлық жалақының 1,4% көлемінде жарна аударады, жұмыс беруші жалдамалы жұмыскерлердің табысынан алынатын жарнаны ұстап қорға аударып отырады (2020-2021жж – 1%, 2022ж – 2%).

Айгүл АХАНОВА,
 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  
облыс бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімінің сарапшысы
Денсаулық 19 мамыр 2019 г. 816 0