Ақ халаттыларға алғыс

Дәрігерлік – ардақты да құрметті мамандық. Адам ауруы асқынып, дерті деңдеп, дауа іздегенде ақ халатты жандарға жүгінері анық. Осындай кезде тісқаққан тәжірибелі мамандар науқасты дертінен құлан-таза айықтырып, аяғына тік тұрғызады.

Адам жасы келген сайын неше түрлі ауруды жамай береді екен. Осындай себеппен дәрігерлердің алдына жиі баруға тура келеді. Мен бүгінде облыстық медицина орталығының ақылы офтальмология бөлімінде ем алып жатырмын. Дәрігерлер глаукома және көз қысымы деген диагноз қойған еді. Ем қабылдаған уақыт ішінде ілімі мол, қолы алтын, жүрегі жылы, көңілі мейірімге толы ақ желеңді жандар көмегін бір аяған емес. Атап айтқанда, бөлім меңгерушісі Жантемір Изнатов, дәрігер Әсел Оспанова, аға медбике Гүлханыс Құрақбаева, медикелер Маржан Ахметова, Нұрсұлу Нұрымова, Ақмарал Сәрсенбаева, Гүлмира Аманкелді, Мира Қайынованың мерейлі де мейірімді еңбегі өз алдына бір төбе.

Осы орайда ақ халатты абзал жандарға алғыс білдіріп, еңбектеріне береке, дендеріне саулық тілеуді жөн көрдім.

Әбдісаттар БӨЛЕБАЙ, 

Шиелі ауданы.

Денсаулық 02 сәуір 2019 г. 1 359 0