Билингвизм және трилингвизм. Бұл – біздің жиі қолданатын «үштілділік», «қостілділік» сөздерінің ғылыми атауы. Соңғы уақытта бұл тақырып аясында зерттеу мақалалары жиі жарыққа шыға бастады. Бірі бірнеше тіл білудің адамның ойлау жүйесіне әсерін зерттесе, енді бірі оның тарихқа, ұлтқа тигізетін әсерін зерттеп әуре. Жақында Вашингтон Университетінің профессоры Патрисия Куль мен оның әріптестері бірнеше тіл білуі адамға сөйлеу және тыңдау барысында қалай әсер ететінін зерттеген болатын.
Ол үшін ол мидағы сұйықтықтың қозғалысын бақылайтын диффузиялық-тензорлы томографияны қолданады. Оның көмегімен испан және ағылшын тілінде еркін сөйлейтін билингвист пен тек ағылшын тілінде сөйлейтін монолингвисттің мидағы ақ затының айырмашылығын анықтау жоспарланған болатын. Ақ зат – жүйке импультарын беретін, ұзын жүйке жасушалары аксондардардан тұрады. Ақ затты зерттеу арқылы мидың әр бөлігінің өзара байланысын зерттеуге болады. Одан бөлек зерттеу кезінде олардың екінші тілді қаншалықты жиі қолданатыны да назарға алынды. Елестетіп көріңіз, ми – тостаған болса, ақ зат – тостағандағы түтік: ол сұйықтықты бір бағытқа жылжытады. Диффузиялы-тензорлы томографияның бір ерекшелігі — анизотропия фракциясын (аксондардан алшақ орналасқан су молекулаларының біртекті қозғалысы) анықтауға болады. Сонымен қатар, радиальды диффузияны да аңғаруға болады. Ол түтікшенің әлсіз тұстарын анықтап, судың бағытынан жаңылатын тұсын дөп көрсетеді. Ғалымдардың зерттеуінше, сау мидың жұмысы кезінде ақ затта жоғары дәрежеде анизотропия фракциясы іске асады да, радиальды диффузия баяу жүреді. Куль және оның әріптестері монолингвистердің миындағы ақ заттан жоғары дәрежеде анизотропия фракциясын байқаған. Ал, билингвистерде радиальды дифуззия әлдеқайда төмен көрсеткішке ие. Әрине, бұл жағынан билингвистер ұтады. Дегенмен, зерттеушілер билингвистер арасында АҚШ-та төрт жылдан астам уақыт тұрғандар мен монолингвистер арасынан айырмашылық байқамаған. Демек, бұл құбылыс тек кем дегенде екі жыл бұрын көшіп келгендерге ғана тән. Әрине, зерттеу барысында тек қостілділік қана назарға алынды. Одан бөлек, олардың эмоциясы, денсаулық жағдайы және олардың туған жері де есептелінуі шарт. Өйткені, олар да адам миына айтарлықтай әсерін тигізеді. Дегенмен, зерттей қорытындысы бір нәрсені анық көрсетті: екінші тілді белсенді түрде қолдану – ми ақ затының жұмысын жақсарта түседі.