Тамаққа тәуелділік

Кейде белгілі бір тағам түрінен бас тартуға шешім қабылдаймыз. Өйткені, саналы түрде оның ағзамызға зиян екенін аңғарамыз. Бірақ, өзіңіздің еркіңізге жауап бере алмай, ол өнімнен бас тарту айтарлықтай қиын секілді көрінеді. Әсіресе, қант, газды сусындар мен тез дайындалатын тағам түрлері. Ендеше, бүгін адамның тағамға тәуелділігі туралы қызықты ақпараттармен бөлісеміз. 
Біздің миымызда қарапайым тілмей айтқан кезде “сыйақы” жүйесі жұмыс істейді
Бұл жүйе сіз өмір сүру қалпын жақсарту үшін әрекет еткен сайын миыңыз сізге арнайы сыйақы береді. Яғни, мида бірнеше жүйелі химиялық реакция жүреді. Миыңыз нейротасымалдау орталығына дофамин гормонің бөледі. Яғни, рахаттану үрдісі іске асады. Бүгінде біз қоданатын пайдасыз тағамдардың басты ерекшелігі дәл осы дофаминді көп мөлшерде бөлуге әсер етуімен сипаттталады. Мысалы, бір түйір алма мен ет кесегі дофаминді аз ғана мөлшерде бөлуге қабілетті болса, балмұздақты тұтыну екі есе әсер етеді.
Тамаққа тәуелділіктің 6 белгісі: 
тәуелділігін анықтайтын арнайы қан сараптамасы жоқ. Өзге тәуелділік тудыратын әдеттер секілді оны тек арнайы белгілермен анықтай аласыз. Сонымен:
• Тамақтанып алғаныңызға қарамастан, тағамның белгілі бір түріне ынтызар боласыз.
• Аңсағаныңызға қол жеткізіп, тамақтана бастағанда өзіңізді тоқтату қиын болады. Нәтижесінде ойлаған мөлшерден екі есе артық тамақты тұтынасыз.
• Сол тағамды жегеніңізге бол өзіңізді кінәлайсыз, өзіңізге ренжисіз. Бірақ, одан бәрібір бас тарта алмайсыз.
 • Бірнеше мәрте сол тамақтан бас тартуға тырыстыңыз. Дегенмен, бәрібір нәтижеге қол жеткізбедіңіз.
• Өзіңіздің сол тағамды тұтынатыныңызды жасыруға тырысасыз.
• Артық салмақ секілді зияны барын біле тұра, бас тарта алмайсыз.
Егер бұл белгілердің барлығы сізде байқалса, өкінішке орай тағамның белгілі бір түріне тәуелдісіз.

Массагет.кз

Денсаулық 09 желтоксан 2018 г. 643 0