« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ eGov.kz порталының Telegram-ботында Денсаулық сақтау министрлігінің үш қызметінің іске қосылғанын хабарлады.
Енді Telegram көмегімен азаматтар емханаға тіркеліп, дәрігер қабылдауына жазылып, дәрігерді үйге шақыру қызметтерін сұрай алады.
Осылай, @EgovKzBot Telegram-бот арқылы қол жетімді сервистер мен қызметтердің саны 10-ға жетті.
Бот арқылы мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтаманы, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтаманы, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алуға болады. Бұдан басқа базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алуға және әлеуметтік мәртебесін тексеруге болады. Қызметті алу үшін "Мобильдік азаматтар базасында" тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзінің гаджетінде, Telegram мессенджердегі ботты іске қосу жүзеге асырылсын. Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардың нәтижесін бірден пайдаланушының электрондық поштасына жіберуге болады.
Қазіргі таңда Telegram-ботқа 8218 адам жазылды, оны іске қосу сәтінен бастап олар 8517 сұраныс жасады. @EgovKzBot көмегімен қызметтерді алу кезінде сұрақтар туындаған кезде тәулік бойы 1414 нөмірі арқылы тегін кеңес беретін Бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |