Бала кезімізден "сағат 21:00, балалардың ұйықтау уақыты" деген сөздерге құлағымыз үйренген. Уақыт өткен сайын әдеттер өзгере береді екен. Біз бала кезімізде "күн батқаннан шым батсақ" бүгінгі дәуір балаларын бұл уақытқа үйрету мүмкін емес.
Бала ұйқыға уақытында жату керек. Себебі өсу гармоны ұйқының төртінші басқышында дами бастайды екен. Мысалы, ол 21:00-де ұйықтауға жатса 00:30-да гармон жұмысын бастайды. Егер, бала кеш жатса өсу гармонына аз уақыт бөлінеді де бұл сәбидің дамуына кері әсерін тигізеді дейді мамандар. Зерттеулерге қарағанда белгілі күн тәртібімен өмір сүретін балалар сергек болып, сабақты да тыңғылықты орындайды екен. Бұдан басқа уақытында ұйқыға жататын балалар Альцгеймер ауруына аз шалдығады. Дәрігерлердің айтуынша бұл аурудың дамуын тежейтін екі әдіс бар: жақсы ұйқы мен дене тәрбиесі. Балаларыңыздың күн тәртібіне мән беріп қараңыз. Сонымен бірге өзіңіз де ерте жатып, ерте тұруға әдеттеніңіз. Себебі балалар ата-анасының әдеттеріне де назар аударып қарайды. Кеш жату әдеттегі жағдай болса да болашақта ол балаңыздың тән саулығы мен жан саулығына да әсер етеді. Баланы уақытылы ұйықтауға қалай үйретуге болады?
Баланы мәжбүрлеп қайта тәрбиелеу қиын. Ең дұрысы – белгілі күн тәртібіне барлық отбасыңызбен мойынсыну. Бала ұйықтауға жатқанда сіздің не сырттағы дыбыстарға назары ауып, ұйқысы бөліне береді. Тағы бір жолы сәбиіңізге жатардан бұрын ертегі оқып беруге әдеттеніңіз. Ескерерлік тағы бір жайт – бөлмедегі шамдар. Психологтардың пікірінше бөлмедегі шамның түсі сары болса ол ұйқы шақырады екен. Гаджеттерді қолданбауға тырысыңыз. Себебі бала біздің көшірмеміз. Спортты да ұмытпаңыз. Кешкі уақыттағы баланың спортпен айналысуы оның тез ұйықтап қалуының кепілі. Күнде кешке отбасыңызбен серуендеуге шығып тұрыңыз. Бұл да жақсы нәтиже береді. Өміріміздегі қарапайым көрінген бұл әдеттерге құлықсыз қарамаңыз. Бала уақытында ұйықтап, уақытында оянып жүрсе, болашақта өз жемісін береді. Себебі сау бала – өз-өзіне сенімді, тән, жан жағынан да сау тұлға болып қалыптасады.
Массагет.кз сайтынан