Облыстық балалар ауруханасында "Тұзды шахта" жұмыс жасайды

Тұзды бөлме – «vital air room»-тірі ауа бөлмесі деген мағынаны білдіреді немесе галопалата деп те атайды. Бұлай аталуының негізі – тұзды аэрозолдың емдік қасиеті.
Тұзды бөлменің ылғалдылығы, барометрлік қысымы бірқалыпты деңгейде болады. Тыныс алу арқылы тұздың микро бөлшектері қанға түсіп, қандағы гистаминнің, ақуыз-көмірсу алмасуының деңгейін бірқалыпты етеді. Тыныс жүйесіне бронх ағаштары арқылы микротұздар ену нәтижесінде иммуномодуляцияның, бронхдренажды, қабынуға қарсы, антибактериалды әсер етеді.
Галокамерада емдік сауықтыру 30 минуттан 5-15 күн аралығы. 5 күннен кейін қайталауға болады. Аталған ем шара стрессті жағдай, депрессия, созылмалы шаршағыштық синдромы, фобия, аллергиялық аурулар, поллиноздар, жедел респираторлық инфекцияның алдан алу, тұмау, тері ауруларында – экзема нейродермит, псориаз, розацея, косметологиялық ем шараларда, сонымен бірге, тыныс жолдарының жедел және созылмалы ауруларында, бронх өкпелік шаң тозаңдық ауруларда, вегето тамырлық дистонияда, невроздарда, қан қысымы жоғарылауының I-II дәрежесінде, гипотонияда. Тыныс жолдарының спецификалық емес ауруларында, өкпенің және тыныс жолдарының туберкулезінде қолданылады.

Барлыбек БАТЫР.
Денсаулық 28 наурыз 2018 г. 3 134 0