« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
Отандық фармацевтикалық өнім өнірушілер Бірыңғай дистрибьютормен ұзақ мерзімді жеткізілім шарттарын жасауға арналған номенклатураны кеңейту жөнінде өз ұсыныстарын бере алады. Бұл туралы отандық өндірісті қолдау және қазақстандық фармацевтикалық саланы дамытуды ынталандыру шарасы ретінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға өтетін конкурс мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді, - деп хабарлады BNews.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біз барлық сатып алу рәсімдерін неғұрлым айқын етуге ұмтылудамыз. Сондықтан отандық фармацевтика өндірушілерін 14 наурызға дейін конкурс жариялау үшін дәрілер мен медициналық бұйымдардың атаулары бойынша өз ұсыныстарын енгізуге шақырамыз, оның нәтижесі бойынша ұзақ мерзімді жеткізілім шарттары жасалатын болады. Бұл өндірушілерге 10 жыл бойына мемлекеттік тапсырыс арқылы өз фармөнімдерін өткізетін кепілді нарықты қамтамасыз етеді. Мұндай кепілдік отандық кәсіпорындардың инвестициялар тартуына көмектеседі», - деді Людмила Бюрабекова.
Бірыңғай дистрибьютор қызметкерлері әлеуетті өнім берушілерге ұзақ мерзімді жеткізілім шарттарын жасауға арналған конкурстың қатысушыларына қандай талаптар қойылатынын түсіндірді. Олардың ішіндегі бастылары – ұзақ мерзімді шарт жасалған сәттен бастап бес жыл ішінде қолданыстағы фармацевтикалық өндірісті GMP тиісті өндірістік практикасының стандарттарына сай жаңғырту немесе жаңадан салу.
Айта кетейік, қазіргі күнде Бірыңғай дистрибьютор отандық тауар өндірушілермен дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 1659 атауын жеткізуге арналған 52 ұзақ мерзімді шарт жасаған. Отандық фармацевтикалық зауыттардан сатып алынатын атаулардың саны жоспарлы түрде өсіп келеді. ОТӨ-ден сатып алынатын атаулардың тізімі 464 атауды қамтыса, ол іс жүзінде Бірыңғай дистрибьютор тізімінің жартысын құрайды. СҚ-Фармация жұмыс істеп келе жатқан жылдарды отандық өнімді сатып алу көлемі ақшаға шаққанда іс жүзінде 10 есеге – 2010 жылғы 4,8 млрдд теңгеден 2018 жылы сатып алудың болжамды көлемі шамамен 50 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Заттай көрінісінде отандық өнімді сатып алу қазірдің өзінде 75 процентті құрап отыр.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |