Инфаркт кезінде науқасқа қалай көмектесу керек?

Миокард инфарктісінің басты себебі - жүрекке апаратын негізгі қан тамырының бітелуі. Ал қан тамырының бітелуі денсаулықта кінараттың бар екенін білдіреді.

Жүрек инфаркты болған жағдайда, есінен танып қалған адамға 20 минут ішінде көмектеспесе өліп кетуі мүмкін. Сол үшін тез әрекет ету керек.

Инфаркт неден пайда болады?

Жүрек бұлшық етін қоректендіріп тұратын артериялардың ішінде біреуінің саңылауы не тарылады, не мүлде бітеліп қалады, сондықтан оның бұл қореқтен құр қалған жері жұмсарады да, бірте-бірте бұлшық еттің жиырылу қабілетін тежейтін тыртық пайда болады. Жүректің осындай зақымдануын инфаркт деп атайды.

Миокард инфарктінің пайда болуындағы негізгі себептердің бірі – атеросклероз. Мұнымен ауырғанда артериялардың қабырғаларына май сияқты зат – холестерин, одан әрі тағы кальций тұздары өңездеп қалады. Тамырлар қатаяды, тарылады, бірқалыпты серпінділігінен айырылады. Атеросклероздың өңез түскен жерлерінде көбінесе жара пайда болады, қан қойылады. Ұйыған қан, яғни тромбылар тамырларды бітеп тастайды да, жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз ету нашарлайды.


Бұл ауру қатты ашу-ыза кернегенде, қорыққанда, қалжырап шаршағанда және т.с.с. әсерінен артериялар едәуір тарылғанда да тап береді.

Басты белгілері қандай?

Бұл аурудың ең басты белгісі – науқастың сол жақ кеудесі, яғни, жүрек тұсы үнемі ауырады. Ауырған кезде адамда да қорқыныш пайда болады. Бұдан ба басқа мына белгілер арқылы анықтауға болады:

– адамға ауа жетпеген кезде, дәрі арқылы ғана өзін жақсы сезінеді;

– аяқ-қолы үнемі суық болып жүреді;

– қан қысымы жиі соғады;

– асқазаны ауырып, жиі құсады;

– тұрған кезде тепе-теңдігін жоғалтады, инсульт белгілері байқалады.

Инфаркке шалдыққан кезде не істеу керек?

Егер жаныңыздағы адамның инфаркт белгілерін байқасаңыз, төмендегідей әрекет ету керек:

– науқасты жартылай отырғызу керек;

– жедел жәрдем шақыртыңыз;

– денесін қысатын киімдерін шешіңіз;

– терезелерді ашып қою керек;

– қан қысымын өлшеңіз. Егер жоғары болса, нитроглицеринді тілінің астына салыңыз.Бұдан жақсы болмай жатса, 3 таблеткаға дейін ғана беруге болады. Одан артық беру науқас үшін қауіпті.

– аспирин таблеткасын ұнтақтап беру керек;

– егер жоғары қан қысымы 110 мм-нен төмен болса, ешқандай дәрі берудің қажеті жоқ;

– науқасты тыныштандыруға тырысыңыз;

– дәрігерге науқас қай уақыттан бастап ауырғанын, қалай әрекет еткенін, бәрін толық айтып берген жөн.

Қалай алдын алуға болады?

Инфаркке жасы 50-ден асқан адамдар жиі шалдығады. Темекіге әуестік бен алкогольге тәуелділік осы дерттің басты факторы екенін ұмытпау керек. Сондай-ақ, артық салмақ, жоғарғы қан қысымы, дұрыс тамақтанбау, артық қимыл жасамай бір орында көп отыру адамды инфаркке шалдықтырады.


Бірқалыпты заттар алмасуы бұзылса, холестерині мол азық-түлікті: жұмыртқаның сары уызын, майды, етті, ет пен балықтың майлы өнімдерін, бауырды, мал майларын тежеген дұрыс. Сонымен қатар сорпа, кофе, қою шай сияқтылардан аулақ болған жөн. Сүттен, көкөністен даярланған тамақтар мен С витамині мол сусындар өте-мөте пайдалы.

Инфаркт ауруынан жазылған адамдар үш-төрт айдан кейін бұрынғы жұмыстарына оралады. Бірақ ауыр күш түсірмейтін, жүйке шаршатпайтын қызметте болуға тиіс.


Дереккөз: baribar.kz
Денсаулық 28 ақпан 2018 г. 1 651 0