Семинар сабақ өтті

Қызылорда қалалық ауруханасында орта буын және кіші буын медицина қызметкерлері арасында медицина ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыру жөнінде семинар сабақ өткізілді.
Семинарда инфекциялық бақылау мейірбикесі София Асқарқызы ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 23.04.2013 жылғы «Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыру жөніндегі әдістемелік бекіту туралы» №111 бұйрығына тағы да бір шолу жүргізіп, ережелерді түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, қол жуудың халықаралық стандартын аурухана мейірбикелері флешмоб түрінде көрсетті.
Денсаулық 12 ақпан 2018 г. 1 155 0