ОҢТҮСТІК КОРЕЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БАЙЛАНЫС АРТПАҚ

Облысқа Оңтүстік Кореядан онколог – гинеколог Ким Джон Сик, гематолог – онколог Юн Джин А келді. 

Оңтүстік кореялық мамандар облыстық балалар ауруханасының паллиативтік бөлімінде болып, онкологиялық ауруға шалдыққан балаларды қарады.

Профессор Ким Джон Сик бастаған шетелдік мамандар балаларды тексеруден өткізіп, қажетті кеңес берді.

Шетелдік меймандар осы сапарында балалар ауруханасының басшылығымен келісімге келді. Соған орай жақын арада қызылордалық дәрігерлер Оңтүстік Кореяда біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады.

Айнұр БАТТАЛОВА, 

«Сыр бойы».

Денсаулық 24 қаңтар 2018 г. 794 0