« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ағзаңызды әлсіздік билесе, демек дәрумен жетіспейді. Оның жолын кейбіреулер дәрі қабылдап, ине ектіріп шешеді. Алайда оның жолы – құрамында дәрумені мол жемістер мен көкөністер, қырыққабат пен қарапайым пияз бен сарымсақ. Сонымен қатар әлсіздікпен анар шырыны жақсы күреседі екен. Ендеше, анар жемісінің пайдасын біле жүріңіз.
Әлсіздік ең әуелі жұмысқа деген құлшынысыңыз төмендеп, шаршау мен делсалдық мазалайды. Есте сақтау қабілетіңіз нашарлап, ұйқысыздыққа тап боласыз. Бұл жағдайға көбінде қала тұрғындары, балалар, қариялар мен жүкті әйелдер тез шалдығады. Әлсіздікті болдырмау үшін немесе алдын алу үшін анар шырынын үзбей ішу ұсынылады. Жеміс құрамы В дәрумені мен минералды заттарға өте бай. Сонымен қатар жүрек қан-тамырларының жұмысын жақсартып, асқазанның түрлі гастритіне ем және көздің қуатын молайтып, адамның тәбетін ашады. Оны сұлулық үшін де пайдалансаңыз болады. Себебі, бұл жемістің шырыны жанарыңызды жасартып, теріні тегістейді. Алайда, қолдан сығып дайындалған анар шырынын 15 минут ішінде ішу керек. Ал одан ары уақытта шырын өзінің құрамындағы пайдалы дүниелерді жоғалтады. Қызылшамен ауырған балаларға анар көмектеседі. Ол үшін шырынға қайнаған су қосып, сусын ретінде жиі-жиі ішкізсе, қызылша тысқа шығып, тез жазылады. Сонымен қатар сал (рахит), сіреспе ауруына шалдыққандарға да таптырмас ем. Іріңдеп кеткен жараны жазу үшін, жемістің кепкен қабығын ұнтақтап, 1 шай қасығын 200 гр ыстық суға салып бұқтырып, іріңдеген жараны жуса, тез жазылады. Алайда, анар қабығын көлеңкелі жерде кептірген дұрыс. Сонымен қатар анардың 1 ас қасық ұнтағына 1 ас қасық бал қосып араластырып, жазылмай жүрген жараға жағып, таңып тастаса, тез жазылатын көрінеді.
Массагет.кз сайтынан
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |