«Ұлт ССО» АҚ Қызылорда филиалында КО ТР 027/2012 «Арнайы тағам өнімдерінің кейбір түрлерінің, оның ішінде емдік диеталық және профилактикалық диеталық тамақтану өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағының техникалық регламентін талқылаған дөңгелек үстел өтті.
Шараны ұйымдастырушылар – Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаменті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК облыстық филиалы. Оның мақсаты – Қызылорда қаласының сауда орталықтарының өкілдері, жеке кәсіпкерлер және мүдделі мекемелермен КО ТР 027/2012 «Арнайы тағам өнімдерінің кейбір түрлерінің, оның ішінде емдік диеталық және профилактикалық диеталық тамақтану өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО техникалық регламентін талқылап, ұсыныс-пікірлерін білдіру. Іс-шараға «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ КФ, ҚР ДСМ ҚДҚК-нің «Ұлт ССО» АҚ Қызылорда филиалы, облыс орталығындағы сауда орталықтарының өкілдері мен жеке кәсіпкерлер қатысты.
Басқосуды Техникалық реттеу және метрология комитеті облыс бойынша департаментінің бас маманы Серік Қасымов ашып, КО ТР 027/2012 Арнайы тағам өнімдерінің кейбір түрлерінің, оның ішінде емдік диеталық және профилактикалық диеталық тамақтану өнімдерінің қауіпсіздігі туралы айтып өтті. Ал «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалының бас маманы Әсел Қалиева өз кезегінде КО ТР 027/2012 Арнайы тағам өнімдерінің кейбір түрлерінің, оның ішінде емдік диеталық және профилактикалық диеталық тамақтану өнімдерінің қаптамасына және таңбалануына қойылатын талаптар, сонымен қатар, өндіру, сақтау, тасымалдау және тарату бойынша қауіпсіздік талаптары туралы ақпарат берді.
ҚР ДСМ ҚДСҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы С.Жакупова «Өнімдердің қауіпсіздігінің мониторингі» туралы баяндама жасады. ҚР өнімді каталогтау жүйесі, оны жүргізудің негізгі міндеттері, өнімді каталогтау жүйесіне тіркеудің артықшылықтары, тіркеу тәртібі туралы «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалының маманы Айжан Нұрғали тарқатып айтты.
Дөңгелек үстел еркін әңгімелесу түрінде өтті. Қатысушылар өз ойларын ортаға салды және өзара пікір алмасты.
С.ҚАСЫМОВ,
Техникалық реттеу және метрология комитеті облыс бойынша департаментінің бас маманы.