2019 жылдан бастап еліміздегі барлық денсаулық сақтау мекемелері электронды құжатқа көшеді. Яғни дәрігерлер қағазбастылықтан түбегейлі арылады деген сөз. Бұл туралы Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Олжас Әбішев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір ақпараттық жүйелер мен техникалық жабдықтауға қатысты дайындық жүріп жатыр. Келер жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі. Электронды құжатта әр адамның денсаулығына қатысты ақпарат арнайы медициналық код арқылы жазылатын болады. Тіпті сол арқылы әлемнің кез келген еліндегі емхана қызметіне жүгінуге болады.
Олжас Әбішев, «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМҚ бас директоры:
– Әр азаматтың ЖСН-ге байланысты жеке нөмірін куәландыратын төлқұжат болып табылады. Негізгі мақсат әр адамның әр кездегі медициналық мекемеге қаралған жағдайда, сол ЖСН арқылы бүкіл көрсетілген қызметтер, медициналық қызметкер үшін де, дәрігер үшін де соларды біріккен түрде көрсету болып табылады.
«24 кз»