Күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Тұрмыста  күйіктің термиялық түрі жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, қызу, ыстық салдарынан пайда болған күйік ауруы барлық жарақаттанғандардың арасында үшінші орында тұрады.
Күйік -  дене ұлпаларының ыстықтан, қызудан, химиялық заттардан және сәуле энергиясынан жарақаттануын күйік деп атайды.
Сондықтан күйікті жарақаттанған ұлпалардың тереңдігіне және көлеміне байланысты төрт дәрежеге бөледі:
l - дәрежелі күйік - термиялық фактордың қысқа мерзімнің ішінде және қызуы төмендеу температураның нәтижесінде пайда болады. Терінің қабыну процесі бір аптаның ішінде жазылады. Күйіктің орнында пигменттік дақтар қалады және терінің сыртқы қабықтарының (эпидермис) түсуі мүмкін.
II - дәрежелі күйік - тері бүртікті қабатына дейін зақымданады, эпидермистің астына сары су жиналып күлбірек пайда болады. Бұл дәрежеде терінің қабыну жағдайы жоғары түрде байқалады. Егер жиналған сары суға инфекция қосылмаса, бір аптаның шамасында, терінің қабықшасы өз орнына келеді. Жазылу мерзімі 10-15 күнге созылады. Күйіктің іріңдеген түрінде жазылу процесі ұзаққа созылады және орнында тыртық пайда болады.
lll - дәрежелі күйік терінің жоғарғы қабаты жансызданса /lll-А дәрежесінде/, не болмаса, терінің барлық қабаты жансызданса lll-Б дәрежесінде деп есептейді. Күйіктің үстінде қара түсті қыртыс пайда болады.
lV - дәрежелі күйік кезінде теріден басқа тереңде жатқан ұлпалар,/ шелді майлар, бұлшық еттер, сүйектер / жансызданып өртенген көмір түріне айналады. Жазылу процесі өте нашар түрде жүреді, әртүрлі қыртыстар пайда болады.
Термиялық күйік – денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарылығына, әсер етудің ұзақтығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ-қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.
Термиялық күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек зардап шегушіге жоғары температураның ықпалын тоқтатуға, яғни жанған киімді сөндіруге, оны жоғары температура аймағынан әкетуге, оның денесінен күйген киімді шешуге бағытталады. Күйген жерді суық судың астына 10-15 минут ұстаңыз. Егер дененің зақымдалған жері үлкен болса, оның үстін суға малынған ақжаймамен жабыңыз. Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су беріңіз.
Күйіктің асқынуын болдырмау үшін күйіктің бетіне таза таңғыштар жабу керек. 1- дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, калий пермаганатымен ылғалдап қоюға болады. Көпіршіктерді қыздыруға, алуға немесе қандай да бір май жағуға (вазелин, май немесе өсімдік) болмайды. Жағылған май ауруды жазуға көмектеспейді. Есесіне жұқпалылардың енуіне жол береді. Бұл өз кезегінде алғашқы медициналық көмекті көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялық емдеуге кедергі келтіреді.

А.Есахаев.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы.
Денсаулық 11 қыркүйек 2017 г. 8 669 0