1. Емханада ол инфекционистiң, гастроэнтерологтiң немесе терапевтiң ұдайы бақылауында болуы керек. Бұл – ереженiң бiрiншi қағидасы.
2. Диетаны сақтау да өте маңызды. Науқас дәрумендерi мол тағамды тәулiгiне төрт рет қабылдауы қажет. Әсiресе, сүт ақуызы, майсыз сүзбе өте жақсы сiңедi. Ең дұрысы, тағам мәзiрiн диетологпен келiскен абзал.
3. Темiрдi қалыптан тыс қабылдау бауырға зиян келтiруi мүмкiн. Вирустық гепатиттi жұқтыру қаупi өте жоғары болғандықтан, бұл дертпен ауыратындар санитарлық-гигиеналық iс-шараларды мұқият сақтағаны ләзiм.
4. Артық салмақты қадағалау да ерекше мәнге ие. Алкогольден, шылым шегуден, күн көзiнде ұзақ болудан мүлдем бас тартқан дұрыс. Майлы сорпаны, семiз балықты, ащы тұздықты және өзге де дәмдеуiштердi пайдаланбауға кеңес беремiз.
Baq.kz