Вирустық гепатиттер — бұл адам өміріне қауіпті кең таралған аурулар тобы, олар өзара бір-бірінен ажыратылады, гепатит вирусынын түрінен (А,В,С,Д,Е,F,G) туындайды, бірақ аталған аурудың бір ұқсастығы бар – ол бұл аурудың, ең алдымен, адамның бауырын зақымдап, оның қабынуына алып келеді. Сондықтан виустық гепатиттер «сары ауру» деген бір ғана атаумен аталады. Сары ауру эпидемиясы б.з. V ғасырда-ақ белгілі болған.. Сондай-ақ қазіргі заманғы медицинада гепаттит атауы өзіндік ауруды ғана емес, сондай-ақ бүкіл ағзаны зақымдайтын патологиялық үрдісті білдіре алатынын атап айтқан жөн.
Гепатит бауырдың қабынуы - сары аурудың, қызылшаның, герпестің белгісі ретінде болуы мүмкін. Сондай-ақ улы гепатит бар, ол алкоголизм, дәрілер салдарынан қалыптастырылады.
Вирустық гепатиттер бірнеше белгілеріне қарай жіктелуі мүмкін:
Ауру ұзақтығына қарай гепатиттер өткір, ерекше өткір және созылмалы түрлері не бөлінеді.
Ауру ауырлығына қарай ауыр, орта ауыр және жеңіл болуы мүмкін.
Виустық гепатиттің түлеріне тоқталайық.
A гепатиті
А гепатиті немесе Боткин ауруы — бұл вирустық гепатиттің баынша көп тараған түрі.
Оның инкубациялық кезеңі (ауру жұқтыру сәтінен бастап аурудың бірінші белгілерінің пайда болуы кезеңіне дейін) 7 күннен 50 күнге дейінгі уақытты құрайды.
Аурудың басталуы әдетте дене температурасының жоғарылауымен сипатталады, кейбір белгілері бойынша тұмауға ұқсайды. 2-4 күннен кейін науқас адамның несібі сыраның немесе қою шайдың түсі сияқты болып өзгереді, ал нәжісі керісінше ақшылданады. А гепатитімен ауыру ұзақтығы 1 аптадан 1,5-2 айға дейін болуы мүмкін, ал аурудан кейінгі қалпына келу уақыты кейде жарты жылға дейін созылады. Виустық А гепатитінің диагнозы ауру белгілерінің, анамнездің (яғни А гепатитімен ауыратын адаммен қатынастан кейін туындау мүмкін), сондай-ақ диагностика деректерінің негізінде қойылады.
Осы топтағы аурулардың барлық түрлерінің ішінде А гепатиті болжам жағынан барынша қолайлы болып табылады, оның арты жақсы болып, белсенді емдеуді қажет етпейді. Қажет болған жағдайда А гепатитінен емдеу емхана жағдайларында сәтті өтеді. Ауру кезінде науқас адамға демалу, арнайы диета және гепатопротектор, яғни бауырды қорғайтын дәрі-дәрмектер беріледі.
А гепатиті барынша көп таралған елдер санитарлық-гигиеналық өмір деңгейі төмен «үшінші әлем» елдері, алайда гепатиттің бір жағдайы немесе А гепатитінің өршуі Еуропа мен Американың барынша дамыған елдерінде де болуы мүмкін. Вирус жұғуына барынша тән жолы – адамдар арасындағы барынша тығыз тұрмыстық қарым-қатынас, су арқылы. А гепатиті сонымен бірге кір қол арқылы беріледі, сондықтан онымен көбінесе балалар ауырады. Вирусты гепаптит А –ның ауру қоздырғышы науқастан зәрі, нәжіс арқылы бөлініп шығады. А гепатитінің негізгі алдын алу жолдары – бұл гигиеналық нормаларды сақтау. Сонымен бірге балаларға аталған ауруға қарсы егілу ұсынылады.
B гепатиті
В гепатиті немесе парентеральды гепатит — бауырдың ауыр зақымдалуымен сипатталатын алдыңғы аурудан да қауіптірек ауру.
B гепатитінің қоздырғышы — ДНК құрамындағы вирус. Вирустың сыртқы қабатында HbsAg сыртқы антигені бар, ол ағзада антителдің қалыптасуын тудырады. Вирустық В гепатитінің диагностикасы қан құрамында ерекше антителдердің байқалуына негізделген. Вирустық В гепатиті Цельсий бойынша 30–32 градуста 6 ай бойында, Цельсий бойынша минус 20 градуста 15 жыл, Цельсий бойынша плюс 60 градусқа дейін қыздырғаннан кейін бір сағат, 20 минут қайнатқанда толығымен жойылады.
Сондықтан вирустық В гепатиті табиғатта көп таралған. Ауруды жұқтыру қан арқылы, жыныстық жолмен, сондай-ақ тікелей анасынан баласына жұғуы арқылы болу мүмкін. Әдетте В гепатиті Боткин ауруы сияқты дене қызуының жоғарылауынан, әлсіреуден, буындардағы аурудан, жүрек айнып, құсудан басталады. Несеп түсінің қоюланып, нәжіс түсінің ашық болуы сияқты белгілері де болуы мүмкін. В вирустық гепатитінің басқа да белгілері көрінуі мүмкін. Ол: денеге бөрткен шығу, бауыр мен өттің ұлғаюы.
Бауырдың зақымдануы шамадан тыс ауыр болуы мүмкін және өте ауыр жағдайларда бауыр циррозына және бауырдың қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін.
В гепатитін емдеу кешенді түрде жүргізіледі және ауру сатысы мен ауырлығына байланысты. Емдеу барысында иммундық дәрі-дәрмектер, вирусқа қарсы препараттар, гепатопротекторлар, антибиотиктер пайдаланылады.
Аурудың алдын алу үшін әдетте сәби кезінде ауруға қарсы егу шаралары жүргізіледі.В гепатитіне қарсы тұру иммунитетінің кезеңі 7 жылдан кем емес деп есептеледі.
С гепатиті
С гепатиті парентеральды гепатит немесе посттрансфузиялық гепатит болып есептеледі. С гепатиті деп аталатын инфекция кез келген адамда дами алады. Бұл ауру қан құйғанда немесе зарарсыздандырылмаған шприцтерді пайдаланғаннан жұғады.
Қазіргі кезде барлық донорлық қан міндетті түрде С гепатитінің бар-жоқтығына тексеріледі. Кейде ауру жыныстық жолмен немесе анасынан баласына жұғуы мүмкін.
С гепатитімен ауыратын адамдардың шамамен 70–80 пайызында созылмалы түрде өтеді, ол бауырдың қатерлі ісігіне немесе бауыр циррозына алып келуі мүмкін. С вирустық гепатитінің тағы бір қауіптілігі қазіргі кезде дені сау адамды осы гепатиттен қорғайтын тиімді вакцинаның жоқтығы болып табылады.
D гепатиті
D гепатиті немесе дельта-гепатит вирустық гепатиттің басқа түрлерінен вирустарының адам ағзасында өздігінен пайда болмайтындығымен ерекшеленеді.
Ол үшін оған «көмекші вирус» қажет. Ол – В гепатитінің вирусы. Сондықтан дельта-гепатит жеке ауру ретінде емес, В гепатитіне қосымша түрде қарастырылады. Осы екі вирус бір адамның ағзасында бір уақытта өмір сүрген уақытта аурудың дәрігерлердің тілімен микстинфекция деп аталатын ауыр түрі туындайды. Бұл аурудың белгісі В гепатитінің белгілеріне ұқсас, бірақ өте ауыр түрде жүреді.
Е гепатиті
Е гепатиті белгілеріне қарай А гепатитіне ұқсас. Алайда вирустық гепатиттердің басқа түрлеріне қарағанда Е гепатиітінің ауыр түрінде бауырдың ғана емес, сондай-ақ бүйректің де зақымдануы байқалады. Е гепатиіті А гепатиіті сияқты фекальді-оральді жолмен жұғады, ыстық және сумен нашар қамтылған елдерде тараған.
Е гепатиітін жұқтырудың арты жүктілігінің соңғы үш айында жүрген әйелдер үшін өте ауыр болады. Бұндай жағдайда адам өлімі 9–40 пайызға дейін жетуі мүмкін.
Аталмыш топ гепатитінің алдын алу А гепатитінің алдын алуға ұқсас.
G гепатиті
G гепатиті вирустық гепатиттер тобының соңғы өкілі десе де болады, ол өз белгілеріне қарай С гепатитіне ұқсас.
Алайда ол С гепатиті сияқты қауіпті емес, себебі С гепатиітіне тән бауыр циррозы мен бауыр қатерлі ісігіне дейін жеткізетін белгі G гепатитіне тән емес. Дегенмен С және G гепатиттерінің бірге болуы циррозға алып келеді.
Вирустық гепатит ауыруының бірінші белгілері пайда болса, бірден дәрігерлерге барыңыз.
Қорғану шаралары:
Жеке адам гигиенасын сақтау.
Қайнатылған, немесе өз шөлмегіңдегі суды ішу.
Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннен кейін қол жуу.
В гепатитінің алдын алу үшін вакцинация жасату керек.
Бір реттік қолданылатын медициналық құралдар қолдану қажет.
Салауатты өмір салтын ұстану.
И. Тусупкалиева
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы,
дәрігер инфекционист.