« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше Жалағаш ауданына «Денсаулық пойызы» келіп, өз жұмысын бастады. Заманауи құрылғылармен жарақтандырылған көшпелі емханада УЗИ, рентген, қан лабораториясы орнатылған. Мамандардың қатарында кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт және басқа да 23 саланың тәжірибелі дәрігерлері бар.
Қаракеткен аулылына аялдаған көшпелі емхананың жұмысымен танысқан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева бұл игілікті шараның өз дәрежесінде өтуіне және олардың жергілікті жерлерде қызметін үйлестіруге жан-жақты көмек көрсетуге әзір екендіктерін жеткізді. Айта кетейік, көшбасшы партияның өкілдері «Денсаулық пойызы» келетін уақытын елді мекендердегі тұрғындарға алдын ала хабарлап, дәрігерлердің қызметіне мұқтаж адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастыруды қолға алған болатын. Соның нәтижесінде, көрші ауылдардағы ағайындардың келіп-кетуін қамтамасыз ететін тегін көліктер қарастырылып, пойыз ішінде тұрғындарға кеңес беріп, қарт кісілердің мініп-түсуіне жәрдемдесетін мамандар тартылды.
«Денсаулық пойызы келді» дегенді естіген ауыл тұрғындары жаппай станция маңына жиылды. Аудан орталығынан шалғай орналасқан ауыл жұртшылығы білікті дәргерлерден тегін диагностикалық кеңес алуға және үздік мамандарға қаралуға қол жеткізді. Сонымен бірге, жол үстіндегі бекеттерде, медицина пойызының жұмыс уақытында балаларға арнайы алаңдар мен аттракциондар ұймдастырылады.
– Емдік-сауықтыру пойызы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Бұл – Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау министрліктері мен «Қазақстан теміржолы» АҚ-ның бірігіп қолға алған жұмысы. Барлық облыстарда көрсетілетін дәрігерлік көмек пен қызметті сол облыстағы теміржол ауруханасының дәрігерлері көрсетеді. Тексеріліп болған соң азаматтарға аудандық ауруханаларға жолдама беріледі. Медициналық қызмет көрсететін пойыздың арқасында көптеген тұрғындар өз денсаулықтары туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде жан-жақты хабардар болды, – дейді «Денсаулық пойызының» бас дәрігері Қанат Тұңғышбаев.
Жаннат Жолдыбаева – жылжымалы емханада алғашқы көмек көрсету бөлімінің дәрігері. Мұнда күніне 80 адамнан астам тұрғындар қаралып, кеңес алады екен. Олардың басым бөлімі қан қысымымен ауыратын науқастар. Мұнан соң, ота жасау (хирургия) бөліміне аялдадық. Онда Ерасыл Мұратұлы есімді бүлдіршінді сүндетке отырғызып жатыр. Дәрігерлермен тілдескенімізде, мұндай ота жасатуға күніне 3-4 бала келетіндігін жеткізді. Жалпы, мұнда науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттермен жабдықталған.
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |