ТӨРТ ЖОБА АРҚЫЛЫ 465 МЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

ТӨРТ ЖОБА АРҚЫЛЫ 465 МЛН ТЕҢГЕ  ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫШиелі ауданында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы ауқымды істер қолға алынды. Мәселен, «DANAKE» Корпорациясы» ЖШС жоба­лық құны 64 млрд теңгелік цемент шығару зауытының құрылысы іргетасы өткен жылдың соңында қаланды. Тампонажды цемент өндіретін зауыт жылына 1 млн тонн өнім өндіретін болады. Зауыттың құрылыс кезеңінде 1200 адам жұмыс істесе, зауыт толық іске қосылған кезде 260 адамға жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауданның аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылған жобалық құны 465 млн теңгені құрайтын 4 жоба қолдау тауып, жүзеге асырылатын болады. Жобалар толық іске қосылғанда 88 жаңа жұмыс орыны ашылады. Оларды атап айтар болсақ:

«Шиелі МТС» ЖШС-ның (директоры Б.Тасболатов) күріш ақтау зауыты құрылысы жобасы. Жобаның жалпы құны – 250 млн теңге. Жүзеге асыру мерзімі 2016-2018 жылдар. Құрылыс кезінде – 30, іске қосылғанда 40 жұмыс орны ашылады. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 60 тонна күріш өңдеу. Жылдық қуаттылығы 7 мың тонна ақ күріш, ақұсақ – 1850 тонна, кебек ұнтағы 1400 тонна шығару. Бүгінгі күні 5 га жер телімін алу жұмыстары жүргізілуде.

«Шиелі-Жолшы» (Ә. Абдуллаев) ЖШС-ның «Темір бетон бұйымдарын шығару және пайдалану зауытының құрылысы» жобасы. Жоба құны – 124 млн теңге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде – 10 адам, іске қосылу кезінде 15 адам қамтылатын болады. Қуаттылығы жылына 2500 дана плита шығару. Бүгінгі күні 5 га жер телімін алу жұмыстары жүргізілуде.

«Бек-транс строй» (Б. Адырбеков) ЖШС-ның «Құрылыс материалдарын (шлакоблок, әк тас, полипропиленді қапшық) өндіру» жобасы. Жоба құны – 55 млн. теңге. Жүзеге асыру мерзімі 2016-2018 жылдар. Құрылыс кезінде – 30, іске қосылғанда 26 жұмыс орны ашылады. Жылдық қуаттылығы: (әк тас – 12 мың тонна, полипропиленді қапшық – 1 млн дана, шлакоблок – 180 мың дана) Бүгінгі күнге 0,4 га жер телімін алу жұмыстары жүргізілуде.

«Б.Сыздықов» «Көлік және ауыл шаруа­шылығына арналған жабдықтарды жөн­деу мен электр құралдарын жинақтап өңдеу өндірісі» жобасы. Жобаның жалпы құны – 36 млн теңге. Жүзеге асыру мерзімі 2016-2018 жылдар. Құрылыс кезінде – 15, іске қосылғанда 7 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы айына жасалатын жөндеу жұмыстар саны – 156, көрсетілетін техникалық қызмет көрсету саны – 182. Бүгінгі күні 5 га жер телімін алу жұмыстары жүргізілуде. Төрге озған төрт жоба да өңірдің экономикасына жаңа серпін береді.

 

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Шиелі ауданы.
ДӘУЛЕТ 10 қаңтар 2017 г. 1 061 0