« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Ұлт жоспарының 54-қадамында шағын және орта кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту көзделген. Ал Қызылорда облысы әкімдігі биыл 4 ақпанда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын бекітті. Соның негізінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында әкімшілік кедергілерді азайту бойынша шаралар қабылданады.
Осы ретте, облыс әкімінің орынбасары бизнес-омбудсмендердің негізгі қызметі кәсіпкерлік ортаны нығайту, әкімшілік кедергілерді төмендету, мемлекеттік сатып алу тетіктерін жетілдіру екенін атап өтті.
Бизнес-омбудсмендердің ролі мен оның құқықтарын арттыру мақсатында тиісті заңнама бекітілді. Институт кәсіпкерлердің мәселесін мемлекеттік органдар арқылы тікелей шешуге құқылы. Шенеуніктер тарапынан жүйелік бұзушылықтар болған жағдайда, шағым Президент алдына барады. Атқарылған жұмыстары бойынша омбудсмен жыл сайын есеп беруге міндетті.
Бұдан бөлек, 62-қадамы экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшыларын қолдауға бағытталған, яғни, «Ұлттық чемпиондарды» белсенді анықтау. Мұндағы мақсат – экспорттық әлеуеті зор іріктелінетін ірі кәсіпорындар арқылы бәсекеге қабілетті секторды құру болып табылады.
Елбасының бастамасымен мемлекетте «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарлама қатысушыларына қаржылай көмек қолжетімді болады. Ал бағдарламаны іске асыру және қатысушыларды іріктеуге жауапты болып «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі белгіленді. Әзірге «Ұлттық чемпиондар» қатарында біздің аймақтың кәсіпорындары жоқ. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен бірге, іріктелген компаниялар McKinsey&Company-мен консалтингтік сүйемелдеу ала алады.
Жиын барысында кәсіпкерлер Ұлт жоспарына қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Бұған қоса, олар өздерінің кәсіптерін дамытуда кездескен кедергілер мен мәселелерді ортаға салды. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев кәсіпкерлердің өтініші жерде қалмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, жыл бойына тиісті құзырлы мекемелер мен мамандар бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырып, олардың кәсібінде туындаған мәселемен нақты айналысатын болады.
Дәурен ОМАРОВ.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |