« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Кеше облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Ысқақовтың қатысуымен мал шаруашылығының жағдайы, маңызы мен мәселелеріне арналған семинар өтті. Жиынға арнайы келген Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ғалымдары оқу орнымен ынтымақтастықта жұмыс жасап жатқан облыс әкімдігіне өз ризашылықтарын білдірді.
Жиын барысында одан өзге аймақтық мал шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы, алда тұрған басты міндеттері қозғалды. Бұл жайында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Пірмұхаммед Сыздықов баяндады. Оның айтуынша ағымдағы жылы өнімі төмен жергілікті сиыр тұқымын асылдандыру мақсатында қолдан ұрықтандыру пункттері толықтай іске қосылмақ. Соның нәтижесінде 10 мыңнан аса сиыр қолдан ұрықтандырылмақ. Оған жергілікті бюджет есебінен 42 млн теңге қаралған. «Сыбаға» бағдарламасының да аймақтың мал шаруашылығы саласын дамытуда маңызы зор болмақ. 2016 жылы бағдарламаға сай 2400 бас мүйізді ірі қара аналығын сатып алу жоспарланған. Соның есебінен мал санын 103 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Айта кететін тағы бір жайт – «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының да пайдасы зор дейді мамандар. Осындай бастамалар негізінде биыл төрт түлік малдың басын – 103, ет өндіруді – 115, сүт өндіруді 103 пайызға жеткізу сала мамандарының негізгі мақсатына айналып отыр. «Мал бордақылау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ», – деген Пірмұхаммед Сыздықов осыған орай аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды ортаға салды.
– 2015 жылдың желтоқсан айында «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында Қазалы ауданы «Сыр маржаны» ЖШС 500 бастық мал бордақылау алаңын іске қосты. Бүгінде онда 200 бас ірі қара бар. Сонымен қатар Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» ЖШС 3000 бас ірі қараға арналған кешенді бордақылау алаңын осы жылдың бірінші тоқсанында іске қосады деп күтілуде. Міне, бұл біздің ет өндірісін дамытуға деген жоспарымызды жүзеге асырудың негізгі тетігі болып отыр. Оған қоса «Қызылорда қаласындағы ет орталығын» іске қосу арқылы алдағы уақытта 2 мың тонна етті өңдеп, сыртқа шығару межеленуде, – деді ол.
Сонымен қатар, Жалағаштан 3 мың бас ірі қара малын бордақылау алаңы мен Жаңақорған ауданынан жылына 7 мың тонна қозы етін өндіретін ет комбинатын салу биылғы жоспарға еніп отырғандығын айтып өтті. Пірмұхаммед Сыздықов сөз соңында Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінен келген профессорларға тері және жүн өңдеу бағытындағы жұмысты жандандыра түсетін арнайы жобалар болса, бірлесе жұмыс жасауға ниетті екендігін жеткізді.
Жиын барысында бұдан өзге төрт түлікті жұқпалы аурулардан сауықтыру, мал азығын дайындау мәселелері жөнінде айтылды. Университет профессорлары өздерінің осы мақсатта жасаған зерттеулерін көпшілікке таныстырды.
Мөлдір ҚОЖАХМЕТОВА.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |