АРАЛ МҰНАЙЫН БАРЛАУ БАСТАЛДЫ

Арал өңірінде мұнай мен газдың мол қоры бары бұрыннан айтылып жүр. 2000 жылдардың басында рес­публика үкіметінің арнайы қаулысымен теңіз табанына геологиялық-сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмысты қолға алған "Құландыэнергоинженеринг” серіктестігі Құланды түбегінде барлау-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алғашқы болжамдарын жасаған болатын. Мұнан кейін де жергілікті компаниялар теңіз табанындағы Кәукей аймағынан бірнеше ұңғымалар қазды.

Үкіметтің еліміздегі кеніштерде геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру шараларына сәйкес биылғы жылы геологтар Арал теңізіне қайта оралды. Бұл күндері "Аралмұнайгаз” кәсіпорны Арал қаласының оңтүстік шығыс бетінде, Мергенсай және Аманөткел ауылдық округтерінің территориясында барлау жұмыстарына кірісуде. Бұрғылаушылар қара алтын қорының тереңде болу ықтималдығына да мән бермек. Зерттеу-барлау жұмыстарының қорытындысымен мұнай-газ шикізатының болжамдық қоры анықталады. Қазан аузы жоғары дейік.

Ж.ӘБІШЕВ.

ДӘУЛЕТ 12 қараша 2015 г. 719 0