« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Қазалыдағы «Алтын күз» мерекесі ерекше сән-салтанатымен көпшілікті риза етті. Салтанатты шара ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен басталды. Орталықкөшелердегі қаз-қатар қойылғансауда сөрелері, жүк көліктерінен көзің сүрінеді. Саудаға шығарылған бағасы көңілге қонымды тұтыну бұйымдары, ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, басқа да заттар әп-сәтте иесін тауып жатты.
Алғашқылардың қатарында Жанқожа батыр ауылынан келген азаматтар назарға ілікті. Округ әкімі Қайрақбай Орынбасаровтың айтуынша, елді мекеннен жеткізілген бау пішен, отынға сұраныс жоғары болыпты. Көпшіліктің көңілінен табылған батыр баба ұрпақтарының еңбегіне табыс тілеп, алға жылжыдық. Ақтан батыр ауылындағы «Сыр маржаны» ЖШС есімі көпшілікке жақсы танымал. Серіктестік директорының орынбасары Ғабит Бәймішовтен жәрмеңкеге әкелінген биылғы орылған күріштіңкідіріссіз өтіп кеткенін білдік. Сондай-ақ Қожабақыдан келген картоп, күріш, Бекарыстан би ауылының көкөнісі жұртшылықтың талғамынан шықты. Самұрат Имандосов басшылық жасайтын «Рза» АҚ-ның атағы баршаға мәлім. Қашанда ел ықыласына бөленіп жүрген қоғамның ортақ мүддеден қалыс қалған сәті жоқ. Бұл жолы да солай болды. Кәсіпорынсаудаға шығарған сүт өнімдеріжанында кісі қарасының молдығын аңғардық.
Мұнан соң рәсім аудандық оқушылар үйінің ауласындағы «Қазалы өнімдері» атты көрме-жәрмеңкеге ұласты. Атына заты келіскен көрмеде жаныңызға қажеттінің бәрі бар. Әрбір қатысушыөзінің шеберлігін, талғам деңгейін паш етуге тырысыпты. Көрмені аралаған ел ағалары, тұрғындар өз ризашылықтарын білдіріп жатты.
Әркімнің еңбегіне қарай марапатталуы заңдылық. Шараның ең салтанатты сәті ұзақ күттірмеді. Егін жинау жұмыстарының қорытындысы, еңбек озаттарын және «Қазалы өнімдері» көрме-жәрмеңкесінің жеңімпаздарын марапаттау барысында Қазалы ауданы әкімі Нажмадин Шамұратов жылы лебізін білдірді. Абыройы асқанжандарға түрлі марапаттар тапсырды.
Шара соңында аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. «Наурыз» мейрамханасында еңбек озаттарына арналып дастархан жайылды.
Осылайша Қазалыдағы еңбек мерекесі дүркіреп өтті.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |