ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ: 4 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам жоспарының геология саласына қатысты қадамдары, оларды жүзеге асыруда атқарылып жатқан жұмыстар турасында аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының басшысы Шахизат Қалбергенов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте баяндады.

– 100 нақты қадамның 74-қадамы пайдалы қазбалар қоры жөнінде есеп берудің CRIRSCO халықаралық стандарттар жүйесін енгізу арқылы жер қойнауларын пайдалану саласының ашықтығы мен болжамдығын арттыруға арналады. Осы мақсатта геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен Ресей, Канада елдерінің өкілдерімен кездесу өтті. Тараптар аталған халықаралық стандартына сүйене отырып және оны басшылыққа ала отырып, қорды қандай шарттар мен принциптер бойынша бағалайтыны туралы талқылап, тараптардың ғылыми мүмкіндіктерін бірге дамытуға, геологтардың біліктілігін геолог-сарапшылар тәуелсіз бірлестігін құру арқылы арттыруға келісті. Сонымен бірге, біздің еліміздің қорлары бойынша геологиялық есептілікті жүргізу үшін өзара ынтымақтастық туралы шешім қабылдады,– деді инспекция басшысы.

Сондай-ақ, ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы мен жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібіне едәуір өзгерістер енгізілген.

– Елбасы жоспарында кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігін, жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ екендігін атап өтті. Үкіметке осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасауға тапсырмалар да берілді. Осы орайда Үкіметтің қаулысымен «Геологиялық барлау жұмыстарының 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді. Бағдарлама бойынша Қызылорда облысында Ұлттық қордан қаржыландырылатын 4 жоба бойынша жұмыстар атқарылуда,– дейді Шахизат Балтабайұлы.

Олардың біріншісі, «Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тереңдігі 3500 метрлік тіректі-параметрлік ұңғыманы қазу» жобасы болса, екіншісі, «Өңірлік, геологиялық-түсіру және іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу. Жоба аясында Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандары қамтылады деп күтілуде. Бұл екі жоба арқылы мамандар өткен кезеңде геологиялық тұрғыдан зерттелуі төмен болған Сырдария ойпатының құрылымына қажетті деңгейде көз жеткізе алатындарын және игерілмей келе жатқан қазба байлықтарын ел игілігіне пайдалануға зор мүмкіншілік беретінін айтады.

Айнұр БАТТАЛОВА.

ДӘУЛЕТ 27 қазан 2015 г. 837 0