« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Нарықтық қатынас өмірімізге кіріккелі ізденіс үстіндегі азаматтың бірі – Сүйіндік Аманжолов. Шиелі кентінің іргесіндегі Керделі ауылында тұратын ол соңғы оншақты жылдың көлемінде балық шаруашылығымен шұғылданып келеді. Әрине, әуелгі кезде бұрын таныс емес шаруаның қыр-сырын меңгеріп кете қою қиын болғаны рас. Дегенде, мақсатшыл адам тырбанып әрекет ете берсе, бір нәтижеге қол жеткізері анық. Бұл күндері Сүйекең отбасылық бизнестің жаңа парағын ашып, замана талабына сай еңбек етуді жалғастыра бастады. Екімыңыншы жылдары « Сүйіндік» шаруа қожалығын құрған ол нақты кезеңде балық өсірумен, оны көбейтумен шындап шұғылдануда. Бұл шаруаға жеке өзі ғана емес, отбасымен бірге ден қойды.
2013 жылдың қыркүйек айында «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты төртінші бағытын іске асыру аясында «Іскерлік байланыстар» жобасын іске асыру бойынша экономика саласындағы басқарушы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша біліктілігін Алматы қаласына барып, арттырып қайтты. Оқудың екінші кезеңін ағымдағы жылы Германия мен АҚШ-тағы профильді кәсіпорындарда бір айлық бизнес машықтанудан өтуді жоспарлап отыр.
– Негізгі мақсатымыз инкубациялау арқылы жылына 400 мың балық шабақтарын шығарып, көлге жіберу еді, оны орындаған секілдіміз, – дейді қашанда елгезек, қарапайым қалпынан танбайтын Сүйекең. – Нақты кезеңде 500 мыңдай шабақты өсіріп, өзімізге қарасты көлдерге жіберіп үлгердік. Бұл жұмыс барынша нәзік және де оның өзіндік құпиялары, тәсілдері де жетерлік болады екен, оған «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан» келген мамандар өзімізбен екі аптадай бірге болып, жөн көрсетті. Нәтижесіндебалық шаруашылығының кластерін дамытып, жұмыс жүргіземіз деген мақсатымызға жақындай түстік деп ойлаймыз, – дейді ол.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы түрлі бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды жергілікті орындардан талап етіп отыр. Ол бағдарламалардың тиімділігін қазіргі таңда көптеген кәсіпкерлер өз игілігіне пайдаланып келе жатқандығы да белгілі. Адамды алға жетелейтін, белгілеген жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін осындай жағдайлармен Сүйіндік үнемі ізденiп жүріп танысады. Солардың бірі ретінде, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығы арқылы 3 миллион теңге қайтарымсыз несие алды. 2014 жылдың мамыр айынан бастап сол қаражатқа инкубациялық аппарат, Вейс, тірі балық тасымалдайтын автокөлік, контейнерлер алды. Жоғарыда атап айтқанымыздай,Алматыдағы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директоры мен орталықтың ғалымдарымен іс жүзіндетәжірибе алмасулары арқылы уылдырықтаншабақ шығару технологиясын іске асырды. Бұл ғылыми жұмысқа, «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының мамандары да атсалысқандығын айтқан жөн. Ізденген жетер мұратқа демекші, қарапайым ауыл адамының өзі қызығатын көптеген ғылыми еңбек пен терминдерге жетік екендігін әңгімелесу барысында көзіңіз жетеді.
Көргенін тәжірибемен ұштастырған ол 2007 жылы облыстық жергілікті резервтегі су айдындарының конкурстарына қатысып, «Қарақұм», «Домалақ»көлдерін тендер арқылы жеңіп алған шаруа қожалығы күріштіктердегі балықтарды аман алып қалу мақсатында көлдерге жіберіп, сақтап алып отырады. Балық өсірумен айналысуды осылай бастаған отбасы кәсібін бірте-бірте ұлғайта, дамыта берді. «Тек балықты ұстауды ғана емес, өсіруді де қолға алу керек» деген талапты басшылыққа алып, өзі өмір сүріп келе жатқан мекеннің табиғат тазалығын сақтау, экологиялық ахуалын жақсарту, аудан тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету барысында алған білімініске асыруда жаңа технологиянытиімді пайдаланды десек, асыра мақтағанымыз емес. Балық өсімін молайту үшін Тұқы (Карп) балығын өсіру мақсатындағы бизнес жобасы осылай іске асырылып келеді.
Отағасының көздеген мақсатына жетуінезайыбы Күлпаш Төрениязова, ұлдары Сабыр, қызы Ақерке, келіні Үміт үнемі көмектесіп, идеяларын жүзеге асырысуда. Ол балық өсірумен ғана шектеліп қалмай, үйрек өсіруді де жоспарлап, бұл салада да алғашқы қадамдарын жасады. Отбасылық бизнесті дамытып келе жатқан біздің бүгінгі кейіпкеріміз Сүйіндік Аманжоловтың көкейіндегі түпкі ойы – суды үнемдеу, экологиялық жағдайды жақсартуға атсалысу. Және де балық өсіруге деген ынталы деген жастар болса, білгенімді үйретуден жалықпаймын деп отыр.
Нұрмахан Елтай,
Шиелі ауданы.
Керделі ауылдық округі.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |