Мал бордақылау алаңының құрылысы басталды

Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында ауылшаруашылық саласын дамытуға, соның ішінде мал басын көбейтіп, ет экспортының әлеуетін арттыруды тапсырған болатын. Дүйсенбі күні аймақта ең үлкен жоба қолға алынды. Яғни, Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылында 3000 бастық мал бордақылау алаңының құрылысы басталды. Алаң «Шаған Жер» серіктестігінің иелігіндегі 30 га жерге орналасады. Айналасындағы 750 га жер инженерлік жүйеге келтіріліп, жүгері, жоңышқа, бидай егіліп, мал азығы дайындалатын болады. Серіктестік мал шаруашылығын дамытуға қажетті мал азығындық жемшөппен толығымен қамтамасыз етілген.

 

Мал бордақылау алаңы құры­лысының басталу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қатысты.

– Облыстағы малдың басын көбейту, асыл тұқымды малдың әлеуетін жақсартып мал тұқымын асылдандыру арқылы бәсекеге қабілетті өнім өндіру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Елбасы Қазақстанды ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналдыруды тапсырған болатын. Осы межеге жету мақсатында үстіміздегі жылы «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында облыс бойын­ша 100 тонна ірі қара мал етін экспорттау жөнінде Ауыл шаруа­шылығы министрлігімен ме­мо­ран­думдарға қол қойылды. Облы­сымыз буферлік аймақтан шықты, енді ет өнімдеріміз алыс-жақын шетелдерге тасымалданатын болады, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Қазіргі таңда «Шаған Жер» ЖШС негізгі бағыттары егін егу және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады. Жыл сайын шаруашылық 3200 гектар– күріш, 500-600 гектар– бидай, 1000 гектар жоңышқа дақылын орналастырады.

Мал бордақылау алаңында өндірілетін ет өнімдерімен Қы­зылорда, Байқоңыр, Алматы қала­лары қамтамасыз етіледі. Бұған қоса көрші Ресей, Өзбекстан ел­деріне экспортталатын болады. Сонымен қатар, Қызылорда қала­сындағы «Қызылорда ет-сүт өңдеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жұмыс істемекші.

Алдағы жоспарларымен бөліс­кен «Шаған Жер» ЖШС төрағасы Бердібек Қадіров3000 бас мал бордақылау алаңын 5000 басқа жеткізіп, мал сою алаңын салуды жобалап отырғанына тоқталды. Оған шаруашылықтың толық мүмкіндігі баржәне ет өнімдерін өндіру жобасы дайындалады. Жобаны 5000 басқа ұлғайтқан жағ­дайда көршілес Ақжарма, Шаған, Шіркейлі ауылдық округ­теріндегі бос жерлерді шөп азығын дайындап игеруге жұмыстаржаса­мақ­шы. Аталған жоба бойынша материалдық-техникалық жаб­дық­тарымен мұздатқыш, ет өңдеу зауыты салынады. Яғни, шұжық, қалбырдағы ет өнімін шығаратын жабдықтар шаруа қожалығыныңөз есебінен алынужоспарлануда.

Бүгінде «Шаған Жер» ЖШС «ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы қаржыландырылатын жоба бойынша жұмысшы топ құрылып жұмыс жасауда. Жұмысшы топ «Каzmead» серіктестігімен бірлесіп қажетті құжаттарын тапсырды. Жобаның қаржылық талдауы толығымен жасақталды. Қазіргі таңда «Шаған Жер» серіктестігі құрылыс жұмыс­тарына жоба-сметалық құжат жасатуға «Ердан и К» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, құжаты дайындалды.

«ҚазАгроӨнім» АҚ арқылы алынатын 976,824 мың теңге қаржыға келесіжұмыстар жасалатын болады. Яғни, құрылыс жұмыстары, ауыл шаруашылығы техникалары мен ірі қара малы сатып алынады.Шілде айының үшінші онкүндігінде бірінші транш бойынша жобаның қаржыландырылуы басталады.

 

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

Сырдария ауданы.

ДӘУЛЕТ 16 шілде 2015 г. 1 401 0