ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ ЕРЕКШЕ ҚОЛДАУ

Теледидардан Ақордада  өткен ҚР Үкіметі­нің кеңейтілген құрамдағы отырысынан беріл­ген хабарды көріп,  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін мұқият тыңдадым. Онда Президент  елімізде әлемдік экономикалық дағдарысқа қарсы атқарылар негізгі шараларды баяндады.
«Біздің қазіргі экономикалық саясаты­мыздың бағыты дұрыс. Келеңсіздіктер – сыртқы нарықтың әсері. Қазақстан ішінде экономикалық дағдарыс жоқ. Біз қиындықтарды күтіп қарап отырмай, оның алдын алу үшін жедел шараларды қолға алдық. Оны халық біледі», –  деді Елбасы.
Ақордадағы жиналыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау туралы жақсы айтты. Президент  сау­да желілерінде қазақстандық тауарлардың сек­циясы пайда болу үшін «Қазақстанда жасалған» акциясын ұйымдастыруды ұсынды.
– Барлық қазақстандықтарды Қазақстан өнімдерін алуға шақырамыз. Бұл ел экономикасына үлкен қолдау болады, – деген сөзі барлық отандық тауар өндірушілердің көңілінен шықты деп ойлаймын. Президент сонымен бірге кәсіпкерлерге жасалып отырған қолдаудың көршілес елдермен салыстырғанда анағұрлым артық екенін де айтып өтті. Оған «Қазақстанда Ресейге қарағанда бизнеске жасалып отырған жағдай анағұрлым жақсы. Несиелер бойынша мөлшерлеме бізде төмен. Біз өңдеуші өнеркәсіпте мөлшерлемені субсидиялаймыз. Инфляция мен салықтар да төмен. Бизнес шығындары да төмендетілуде» – деген сөзі дәлел.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысуға шақырды. «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысып, қаражатты соған бағыттайық», деді. Иә, ауыл шаруашылығы – бұл асыраушы сала. Сондықтан осы салада өңдеу кәсіпорындарының көп болғанынан ұтпасақ еш ұтылмаймыз.
Ал «Рза» АҚ-на қарасты «Рза-Сүт», аты айтып тұрғандай, сүт өнімдерін өңдеу және сатумен шұғылданады. Тәулігіне 30 тонна сүт өңдейтін зауыт Еуропаның озық технологиялық құрал-жабдықтарымен жабдықтаған. Онда пас­терленген және ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май, құрт өнімдері шығарылады. Өз өнімдерін Қызылорда облысының аумағымен бірге Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында да сатады. Зауыт өнімдері 2011 жылы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дип­ломмен марапатталды. Жақында Елбасының қатысумен өткен телекөпір барысында Астана төрінде жүзден жүйрік шыққан мекемелер марапатталды. Осы салтанатты шара барысында «Рза» АҚ президентіне Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Алтын сапа» сыйлығын тапсырған болатын.
Нұрлан ИМАНДОСОВ,
«Рза» АҚ вице-президенті.

ДӘУЛЕТ 12 ақпан 2015 г. 1 160 0