ӨРКЕНДІ ӨНДІРІСТІҢ ӨНЕГЕЛІ БАСШЫСЫ

ӨРКЕНДІ ӨНДІРІСТІҢ ӨНЕГЕЛІ БАСШЫСЫ

Өткен жыл қорытындысымен СКЗ-U күкірт қышқылы зауытының бас директоры Мәдіхан Бекжанов облыс бойынша «Өндіріс озаты» номинациясына ие болса, аталмыш өндіріс орнының жұмысы да жоғары бағаланды.

Жаңақорған ауданындағы СКЗ-U күкірт қышқылы зауыты 2012 жылдан бері өз өнімін бере бастады. Жылдық қуаттылығы 500 мың тонна болатын алып өндіріс орнының аймақ экономикасының дамуына қосар үлесі айтарлықтай. Бюджет қоржынына салар салық түсімінен өзге үш жүзден астам жұмысшы – қызметкерлерді жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен бірге, аталмыш өндіріс орны Францияның «General Electric» компаниясының турбогенераторы ар­қылы 18 мВт-тық электр қуаты өндірілетін болса, кәсіпорын мақсатына жұмсалатынынан артық энергиясы аудан халқының игілігіне беріледі. Замана үдерісі жаңа технологияға көшкен уақытта мұндай мүмкіндік жергілікті тұрғындар үшін зор жетістіктерге жол ашары анық.

Ел Үкіметінің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жоба құнына алғашқыда 216 млн. АҚШ доллары қарастырылды. Қарқынды сипат алған халықаралық бұл жобаның іске асырылуына Жапонияның «Marubeni» және «Терсо», «Tоshiba», Канаданың «UraniumОnе» корпорациялары үлес қосқандығын айтқан жөн болар. Ал жабдықтар мен технология желісіне Италияның «Desmet Ballestra» компаниясының озық үлгілері іске асырылды.

ӨРКЕНДІ ӨНДІРІСТІҢ ӨНЕГЕЛІ БАСШЫСЫУран өндіруде әлемде көшбасшылыққа шыққан Қазақстан мемлекеті жоғарыда аталған зауытты іске қосу арқылы, Сыр өңірінде атомдық отын шикізатын өндіруге жаңа серпін берді. Сонымен қатар тың жұмыс көзін ашу негізінде оған жергілікті тұрғындарды тарту, жаңа технологиямен жұмыс жасай алатын мамандарды дайындау мәселесі біршама оң шешімін тауып келеді.

СКЗ-U күкірт қышқылы зауытының 2014 жылы бекітілген жылдық жоспары 453 мың тонна болса, межелі өнімді желтоқсан айының ортасында мезгілінен бұрын орын­дап шықты. Зауыттың тұтынушылары "Байкен-U” және "Қызылқұм” серіктестіктері, "Қаз­атом­өнеркәсібі” компаниясының №6 кен бас­қар­масы. Сондай-ақ, қосымша 72,0 МгВт электр энергиясын өндірсе, оның 37,0 МгВт көлемін Жаңақорған ауданының жұмсауына мүм­кіншілік жасады.

Сонымен бірге шеткі аймақ тұрғындарына әлеуметтік қамқорлықтар аясы кеңейе түседі. Демек, бұл жобаның мемлекеттік маңызы зор екендігі анық. Келешекте зауыт күкірт қышқылынан өзге, ауыл шаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыштарды өндіру арқылы өз мүмкіндігін арттыра түсуді ойластыруда.

СКЗ-U» ЖШС бас директоры Мәдіхан Бекжанов Сыр өңірінің тумасы, басқару орындарында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып ысылған азамат. «Қазатомөнеркәсібі» саласында да 1991 жылдан бері еңбек етіп, бұл салада да мол тәжірибе жинақтады. Қызылорда, Алматы, Мәскеу қалаларында оқыған, алғашында химия саласы бойынша жоғары білім алса, кейіннен өз білігін саясаткер, заңгер мамандықтарын алу арқылы жетілдірген, өмірлік тәжірибемен білім мен білікті ұштастырған жан.

ӨРКЕНДІ ӨНДІРІСТІҢ ӨНЕГЕЛІ БАСШЫСЫ– Зауыт құрылысын бастау барысында әлемдік тәжірибелерге барынша ден қой­ылды. «Бұл айтылар ән өзге ән­нен өз­герек» демекші ол еліміздегі бұ­рын­нан бар кеңестік дәуірдің ескі техноло­гиясымен жұмыс жасайтын күкірт қышқылын шы­ғаратын зауыттар мен цехтарға қарағанда мұнда анағұрлым күрделі, әрі экологиялық жағынан барынша таза болмақ, – деді Мәдіхан Әріпұлы сөз басында. – Мұндай зауыт тек Италияда ғана бар. Сол жерге арнайы жұмыс тобын жіберіп, он­дағы жағдайларды зерт­теп көрдік, өнім өндіру бары­сында ешқандай экологиялық қолайсыздықтар ту­ын­дамайды, ал пайдасы жеткілікті.

Мәдіхан Бекжанов атал­мыш өндіріс ор­нында негізінен жергілікті ха­лық­ты жұ­мыспен қамту мәселесінің алға шыға­рылумен бірге, жастарды осы салаға қажетті ма­мандар дайындайтын жоғары оқу орындарына жолдама арқылы жіберу жүзеге асырылатындығын айтты. Тұрғындарды үй­рету, олардың кәсіби ше­берліктерін қалып­тас­­тыруға қаржы қарас­ты­­рылып, бұл үрдіс тұрақты түрде жүр­гізілетін болады. Тәжірибе алмасу ретінде мамандарды шетелдік компа­нияларға іссапарға жіберіп отыру да қарастырылады. Әлеуметтік салада да қамқорлық аясы кеңейеді.

 

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Жаңақорған ауданы.


ДӘУЛЕТ 24 қаңтар 2015 г. 1 312 0