« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Мемлекет басшысыөз бағдарламаларында Үкіметпен жергілікті атқарушыорындарының басшыларына қадаптапсырғанындай, ел экономикасының дамуынайқындайтын Индустриялы-инновациялық дамубағдарламасы жүйелі ілгерілеуімен үлкенмүмкіндіктерге жол ашыпотыр. Елбасы ерекшеназар аударып отырғанаталмыш бағдарлама аясындаоблыста ауқымды жобаларіске асырыла бастаса, берекелібастамадан Жаңақорған ауданыда қалыс қалғанемес. Атап айтарболсақ, өнеркәсіп өндірісінің өсіміосыдан бес жылбұрын 5 млрд. 68 млн. теңге болса, нақтыкезеңде ауданның өнеркәсіпкәсіпорындары 25 млрд. 204 млн. 524 мың теңгеніңөнімін өндіріп, өткен жылдыңтиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткішті 115 пайызарттыруға қол жеткізді. Оныңішінде кен өндіруөнеркәсібінің үлесі 12 млрд. теңгеге жуықтады. Бұлауылшаруашылығы саласымен басымырақайналысатын аудан үшінрасында үлкен жетістік.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында атқарушы органдарға берген жетінші тапсырмасында: «Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет» дегенді қадай айтты.
Елбасы назарындағы саланы ламытуда ауданда айтарлықтай жұмыс атқарылды. Нақты кезеңдегі есепті саралап көрелік, ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2520 субъектісі тіркелсе, оның 134-і заңды тұлғалар, ал 1795-і жеке кәсіпкерлер есебінде өз жұмыстарын жалғастырып келеді. Олардан өзге тікелей ауыл шаруашылығы саласымен шұғылданатын 591 шаруа қожалығы бар. Әрине, бұл арадағы нақты нәтиже олардың санымен емес, атқарған жұмыстары арқылы бағаланып, өндірген өнімі, оның сапасы арқылы пайдалы болмақ. Есепті кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 5380 адамға жеткізілді. Бұл, әрине, үлкен күш, қаншама адам мына нарық заманында өздерінің адал бейнетімен нәпақасын асырып отыр деген сөз. Олар бірлесе отырып, 5,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, жергілікті бюджетке 275 млн. теңгенің салық түсімдерін салыпты. Елбасының маңызды құжатында атап көрсетілгендей, алдағы уақытта бұл көрсеткішті одан әрі ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашумен бірге, еңбек өнімділігін арттыра түсуге жол ашылғандығын аңғарамыз. Тұрғындардың белсенділігімен қатар, әкімшіліктердің түпкілікті жаңаша жұмыс жүргізе алатын жанашырлығы қажет.
Бүгінгі нәтиже ертеңгі күннің кепілі бола алмайды, нарықтық қатынастың талабы – өрлеу үстіне өрлеу бола беруі тиіс, кемшіліктер түзеліп, жаңа технологияларды пайдалану өріс алғаны жөн. Сонда замана талабына сай даму мүмкіндіктері толықтай жүзеге асырылады. Жаңақорған ауданындағы қазіргі беталыс – жақсы істердің көкжиегін кеңейте беретіндігімен сенімді нығайта түседі. Алдағы жылдары, ауданда индустриялы-инновациялық даму аясында бірнеше жобаның іске асырылуы жоспарлануда. Осыған сай, оның бастамашыларымен жобаларды нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптік бағытты да жіті ұстанған ауданда мырыш, қорғасын өндіретін «Шалқия» кеніші және де Қаратау қойнауынан құрылыс пен жолға қажетті түрлі фракциядағы қиыршық тастар дайындайтын бірнеше кәсіпорындар жергілікті халықты жұмыспен қамтып, олардың әлеуметтік жағдайларының көтерілуіне ықпал етіп келеді. Сондай-ақ, әлемде уран өндіруден алғашқы орынға шыққан «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық акционерлік қоғамына қарасты екі бірдей уран кеніші мен күкірт қышқыл зауыты өз өнімдерін өндіріп келеді.
Мемлекет басшысының жуырдағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына қайта оралсақ, онда: «...Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ», деп атап көрсетті. Бұл орайда облысымыздың оңтүстігіне орналасқан Жаңақорған ауданындағы жол жағдайының талапқа сай жүргізілуі маңызды мәнге ие. Өйткені осы аудан арқылы көрші облыстармен және шекаралас Өзбекстан, Қарақалпақстан мемлекеттерімен қатынас жасалатындығы белгілі.
Осы маңызды мәселеге байланысты аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің соңғы мәліметіне сүйене отырып, Жаңақорған ауданы жолдарының жөнделу барысына назар аудардық. Үстіміздегі жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына едәуір қаржы бөлініп, біршама шаруалар атқарылды. Мәселен, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автодәлізіне жақын Сунақата ауылдық округі тұсындағы Екпінді ауылының күре жолмен жалғасып жатқан тоғыз шақырымдық жолының жөндеу көрмегендігіне ширек ғасыр болған еді. Ауыл тұрғындарының шағымданғанына талай жылдың жүзі толып еді, міне, сабақты ине сәтімен демекші, оны да қалпына келтіріп, әрі-бергі қатынасты қалыпты етудің реті келген сыңайлы. Аудандық маңыздағы сол тоғыз шақырым «Самара-Шымкент-Екпінді» автомобиль жолына барлығы 117 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Бөлінген қаржысы толық игерілді. Осылайша шеткі ауыл тұрғындарының көптен бергі өтініштері жүзеге асырылды. Ауыл тұрғындары орталыққа қиналмай қатынап, аталмыш жолдың рахатын көре бастады. Бұл Елбасы тапсырмаларының жергілікті жерлерде тиянақты орындалуының нақты көрінісі деп бағаланады. Сонымен қатар Талап ауылы маңындағы облыстық дарынды балаларды дайындау орталығы «Тау самалы» лагеріне барыс-келіс те бұрындары едәуір қиындық туғызып келген еді. Биылғы жылы осы мақсатқа 39 млн. теңге қаражат қарастырылып, нақты кезеңде толық игерілді. Бұл – аудандық маңыздағы үш шақырым жол. «Оған қосымша алты шақырымына республикалық бюджет пен аудандық бюджеттен барлығы 103 млн. теңге қаралып, бұл қаржының басымы жуықта игерілді. Қалған қаржысы жаңа жылға дейін өз мақсатына толық жұмсалады», – дейді бөлім мамандары.
Дарияның арғы бетіндегі ауылдың бірі М.Нәлібаев елді мекенінің аудандық маңыздағы автомобиль жолының ұзындығы 1,5 шақырым жолы да жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, өзге де аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 36 млн. теңге қаржы бөлініп, осыған тиісті жұмыстар қызу жүргізіліп келеді.
– Еліміздегі әлеуметтік нысандарға айтарлықтай көңіл бөлінгендігі шеткі аймақтарға жасалынып жатқан қамқорлықтардан айқын көрініс тапқан. Мәселен, ауылдар мемлекеттің қолдауымен соңғы төрт-бес жыл аралығында адам танымастай өзгеріп жатыр. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясының жүзеге асатындығына жоғарыда аталғандай жұмыстардың нәтижелілігі дәлел деп ойлаймын, – дейді М.Нәлібаев атындағы ауыл тұрғыны, ұзақ жылдар бойы осындағы ауыл мектебін басқарған ардақты ұстаз Тілеухан Байсынов өз әңгімесінде.
Жоғарыдағы мәліметтерді оқырмандар назарына ұсына отырып, осы аудандағы жылды қортындылау барысындағы атқарылып жатқан өзге де шаруаларды айта кеткеніміз жөн болар.
Ауданда ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын 587 шаруашылық құрылымның 310-ы егін шаруашылығымен, ал 277-сі мал шаруашылығымен айналысады. Биылғы жылдың он айында аудан бойынша 5 млрд. теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілгенімен, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға кем болып тұр. Ал сала бойынша таратыңқырай айтар болсақ, жылқы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 30768 гектарға жеткізілді. Бұл бұрынғы жылмен салыстырғанда мың жарым гектарға артық деген сөз. Мұны жаңақорғандық диқандардың су тапшылығы болады деген қауесеттен қорықпай, батыл әрекет жасауы деп бағалауға әбден болады. Егілген дақылдардың ішінде дәнді дақылдар көлемі 11536 гектарға жеткізілсе, оның ішінде күріш сегіз мың гектарға, ал бидай екі жарым мың гектарға жеткізілді. Сонымен қатар бақша, көкөніс дақылдары да ауыл тұрғындарының сенімді нәпақасына айналды. Оңтүстіктегі ауданның екпелі мал азығына ден қоятындығын орынды бағалауға болады. Өйткені, құнары мол жоңышқаның бағасы арзан емес, сондықтан келтірер пайдасы мол. Мезгілінде күтімге алынып, орылғанын Оңтүстік Қазақстан облысы мен көрші аудандар қымбат бағаға саудалап алып кетіп жатқандығын аңғарамыз. Осыдан болар, жаңақорғандық шаруашылық құрылымдары мен жеке адамдар күтіміндегі барлық жоңышқа көлемі он алты мың гектарға жеткізіліп отыр. Бұл бір жағы жердің тозбай, ауыспалы егістіктік тәртібінің сақталуына игі әсерін тигізеді деп тұжырым жасауға болады.
Бұл айтылғандардан бөлек, жеміс-жидек, жүзім дақылдарының көлемін ұлғайту бағытында тамшылатып суару технологиясы да ауданда тиімді пайдаланылуда. Агротехникалық талаптарға сай, минералды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру де лайықты жүзеге асырылып келеді. Жеңілдетілген бағамен 2220 тонна жанармай босатылып, жұмсалынды.
Аудан диқандары күріштің әр гектарынан орташа 40,5 цн өнім жинай отырып, барлығы 32,5 мың тонна күрішті қамбаға салды. Сол секілді үш мың тоннадан астам бидай алынды.
Замана талабына сай аудан тұрғындары мен тапсырыс берушілердің талабын қанағаттандыруда жылыжайды қолға алудың маңызы зор екендігі белгілі. Бұл істің пайдалылығын біле тұрып, тәуекел етушілер қатары көп емес, өйткені, оған агротехниканы жете білетін біліктілік, төзімділік қажет. Осы тұрғыда тиісті жұмыс атқара білген аудан әкімшілігі бұл мәселені назардан тыс қалдырмаған секілді. Соның нәтижесінде жыл он екі ай бойы көкөніс алу барысы да жолға қойылып келеді. Мәселен, Қаратөбе ауылдық округіне қарасты «Серікбай» шаруа қожалығында 12 адам тұрақты жұмыс істеп, бір гектарға жуық алқаптан жылда екі рет өнім жинады. Олардың қырық тоннаға жуық қияры мен қызанағы осылайша нарық айналымына түсті. Сол секілді «Жұманазар», «Жан» шаруа қожалықтары да бір гектар көлемге жылыжай құрылысын салып, тиісті жұмыс атқара бастады.
Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне барлығы 150 млн. теңге несие берілді, оның ішінде «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы егіс егу науқанына 20 шаруашылық құрылымына 122,8 млн. теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы 7 шаруашылыққа 28 млн. теңге бөлінді.
Қарт Қаратау мен ежелгі Сырдарияның табиғаты қолайлы жеріне орналасқан ауданда мал шаруашылығын дамытуға да мүмкіндік зор. Малы бардың қарапайым жұртқа қарайласар, елдік іске атсалысар халі бар екендігін дана халқымыз дөп басып айтқан ғой.
Елбасының Үкіметке берген тапсырмасына байланысты ұйымдастырылып отырған «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен аудан тауар өндірушілері соңғы үш жылдан бері жете айналысып келеді. Ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру бағдарламасы аясында биыл барлығы 10 шаруа қожалығына 90,3 млн. теңге қаржы беріліп, 41 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа мен 583 бас сиыр алынды.
Мал-жанның амандығы мал дәрігерлік шаралардың тиімді, өз мерзімінде атқарылуымен бағалы. Сондықтан да ауылдық елді мекендерге қызмет етуге арналған 25 ветеринариялық бөлімше ғимараты салынды және сатып алынды. Нақты кезеңде олар атакәсіптің өркендеуіне өзіндік үлес қосып келеді деп айтуға болады.
Жас мамандарды ауылға тартуға арналған «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде 194 маманға жәрдем көрсетілсе, оның ішінде 70 маманға 182 млн. теңге тұрғын үй сатып алуға несие беріліп, әлеуметтік қолдау көрсетілген-ді. Бұл жас мамандарға деген үлкен көмек, осы жағдайды бағамдаған жастарымыз да оқу орнынан алған білімі мен білігін жастық жігерімен толықтырып, ауыл тұрмысын көтеруге лайықты үлес қосады деген сенім бар. Алмақтың да салмағы барлығын олардың да жете ұғынғаны жөн деп ойлаймыз. Бұл арада бұрыннан келе жатқан тәжірибелі мамандардың лайықты үлгі-өнеге көрсетуінің мәні зор деп есептейміз. Мемлекет басшысы аймақтардың дамуына ерекше мән беріп, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайларының жақсара түсуі үшін алғашқы кезектегі жұмыстардың сапалы атқарылуын талап етіп отыр. Бұл бізге көрсетілген үлкен сенім және де оның қалыпты орындалуы бәрімізге жауапкершілік жүктейтіндігін әрбір қоғам мүшесі жете сезінуі тиіс.
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |