« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
– Облысымыздағы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асыру бағытында биыл қандай жұмыстар атқарылуда? Бағдарламада қандай жаңалықтар бар?
– Биылғы жаңалық, осы жылдың 9 қазаны күні «Жобаларды республикалық және өңірлік Индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы қағидаларға сәйкес өңірлік Индустрияландыру картасына жобалар төмендегі критерийлер арқылы іріктелетін болды. Біріншіден, құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар енді өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келісе отырып, аймақтық Үйлестіру кеңесі шешімі негізінде жобалар енгізіледі. Екіншіден, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес өндеуші өнеркәсіп саласы жобаларына басымдылық берілетін болады. Бұған қоса, олар мемлекеттік қолдау шараларын талап ететін жобалар болуы тиіс.
Сонымен қатар, ендігі
жерде құны 4,5 млрд. теңгеден жоғары тұратын жобалар республикалық
Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі комиссиясының шешімімен республикалық
картаға енгізілетін болады. Осыған орай үстіміздегі жылдың
қараша айындағы Индустрияландыру картасын өзектендіру жұмыстары
нәтижесінде (облыс әкімінің 2014 жылғы 3 қарашадағы №31 шешімі) өңірлік Индустрияландыру
картасына жалпы құны 4,8 млрд. теңге құрайтын 2 жоба енгізілді. Оның бірі –
«Максима логистикс» ЖШС-ның керамикалық кірпіш шығару жобасы. Бұл жобаның
құны – 300,0 млн. теңге. Жоба алдағы 2015 жылы іске қосылады деп күтілуде.
Керамикалық кірпіш зауыты іске қосылғанда 50 жаңа жұмыс орны ашылады.
Келесісі «Қызылорда шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасы. Оның жалпы құны 4,5 млрд. теңгені құрайды. Жоба толық қуатына шыққанда жаңадан 386 жұмыс орны ашылады. Аталған жоба да келер жылы іске қосылады.
– Нақты кезеңде республикалық, өңірлік картаға қанша жоба енді?
– Бүгінгі таңда Қазақстанның Индустрияландыру картасы аясында аймағымызда жалпы құны 189,8 млрд. теңге құрайтын 26 жоба іске асырылып жатыр. Жобаларды жүзеге асыру барысында, яғни құрылыс кезінде уақытша 3186 жұмыс орны ашылады. Ал, жобалар тоық қуатына көшкен кезде барлығы 3054 жұмыс жаңа орны ашылмақшы. Оның ішінде Өңірлік картада құны 137,7 млрд теңге құрайтын 25 жоба бар.
Ал, республикалық картада құны 52,1 млрд. теңге құрайтын 1 жоба бар. Ол көптен айтылып келе жатқан Шыны зауыты. Қазір жобаның инвесторы анықталды. «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы таяу уақытта басталады. Көпшілік көптен күткен өндіріс орны ашылған кезде онда барлығы 300 адам еңбек ететін болады.
Өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген 25 жобаның ішінде қазітгі таңда құны 78,5 млрд. теңгені құрайтын 15 жобасы іске асты. Жаңадан 824 жаңа жұмыс орны құрылды.
Осы жылдың қаңтар айында өңірлік Индустрияландыру картасы аясында
Қызылорда қаласында «Хуа Ю Интернационал в Кызылорде» ЖШС-ның «Химиялық реагенттер
өндірісінің көлемін ұлғайту жобасы» іске қосылғаны мәлім. Жоба құны – 500 млн.
теңге. Жаңа өндірістің қуаттылығы – жылына екі мың тонна. Жобаның жұмыс жасап
тұрған химиялық реагенттер өндірісін ұлғайтуға бағытталып отырғанын атап
өткен жөн.
Компанияның мамандары өндіретін химиялық реагенттер мұнай құбырларының шіруін, яки корозияға ұшырауы мен қақ тұруы процесін төмендетіп, оның пайдалану мерзімін ұзартады. «Хуа Ю Интернационал в Кызылорде» ЖШС-ның химия реагенттерін өндіретін облыстағы бірден-бір компания болып табылады. Қазір өндіріске химиялық реагенттерді автоматты түрде құю бойынша құрал-жабдықтар алынып, аталған кәсіпорын 6 түрлі химиялық реагенттер шығарып жатыр. Өнімді өткізуде де мәселе жоқ. Зауыт басшылығы химиялық реагенттерді сату бойынша «СНПС Айдан мұнай» және «ПетроКазахстан ҚұмкөлРесорсиз» секілді ірі компаниялармен келісім-шарт жасады.
Жалпы, ағымдағы жылдың он айында аталған өндіріс орны 1536,8 тонна химиялық реагенттер өндіріп, зауыт жоспарлы қуаттылықты 118,2 пайызға орындап шықты.
– Жыл соңына дейін қандай өндіріс орындары ашылады?
– Аймағымызда жыл соңына дейін жалпы құны 3,8 млрд. теңге құрайтын 3 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл алдағы уақытта тағы 559 жаңа жұмыс орны ашылады деген сөз. Енді сол қолданысқа берілетін 3 өндіріс орнына тоқталайық. Біріншісі, «Жан Арай Жем» ЖШС «Құрама жем өндіру зауыты». Жоба құны – 375,9 млн. теңге. Зауыт қолданысқа берілгенде жаңадан 60 жұмыс орны ашылады. Ал, өндірістің қуаттылығы – тәулігіне 80 тонна. Бүгінгі таңда облысқа келген неміс мамандары зауыттың құрал-жабдықтың электр энергиясына қатысты жұмыстарын жүргізуде. Зауыт желтоқсан айында пайдалануға беріледі.
Мұнан өзге «Арал тұз» АҚ «Техникалық және ас тұзын өндіру» өндірісін жаңғырту жобасы да аяқталуға жақын. Зауыт осы қараша айының ішінде қолданысқа беріледі деп күтілуде. Жоба құны әу баста 1,5 млрд. теңгені құрады. Дегенмен, қажетті жұмыстарды атқару үшін қосымша 0,6 млрд. теңге қаржы жұмсалуына орай, бүгінгі күні жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі 2,1 млрд. теңге болып отыр.
Атап өту қажет, жаңа зауыт іске қосылғанға дейін кәсіпорын жылына
120 мың тонна тұз өңдеп шығарды. Оның
ішінде жылына 80 мың тонна ас тұзы және 40 мың тонна техникалық тұз өндірген
болса, енді қайта жаңғыртудан кейін өндіріс қуаттылығы 1,6 есеге (66%) ұлғайып,
200 мыңнан астам тоннаны құрап отыр. Оның ішінде 147 мың тонна ас тұзы және 66
мың тонна техникалық тұз.
Жоба бойынша 343 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Жалпы алғанда «Арал тұз» АҚ мен жаңа зауытта жұмыс жасайтын адамдарды қоса есептегенде барлығы 800 жуық жұмыс орны құрылған. Ең бастысы, оның 95 пайызы жергілікті тұрғындар.
Кәсіпорын тұз өндіруге арналған құрал-жабдық өндіруден дүние жүзі бойынша көшбасшы «Construcciones Mecanicas J.SERRA, S.A.» атты испаниялық компанияның жаңа құрал-жабдықтары сатып алды.
Үшіншісі – «Бис групп» ЖШС-ның «Мия тамырын өңдеу зауытын ашу және мияны өсіру» жобасы. Бұл нысан да алдымыздағы желтоқсан айында іске қосылады. Негізі зауыт жоспар бойынша келесі жылы қолданысқа берілуі тиіс еді. Айта кетейік, жоба құны о баста 1,8 млрд. теңге болып белгіленген еді. Кейін ол 2,4 млрд. теңгеге ұлғайды. Қуаттылығы – 1000 тн. мия тамырының экстраты, 100 тн. глициризинат моноаммония. Зауыт іске қосылғанда 156 адам тұрақты жұмысы орнымен қамтылса, маусымдық жұмыстарға тағы 564 адам тартылады.
Қазіргі таңда жоба бойынша әкімшілік ғимарат, асхана, вахталық поселке, зауыт ғимараты, лаборатория құрылыстары аяқталған. Қазіргі күні көршілес Қытай мемлекетінен 35 контейнер құрал-жабдықтар келген. Өткен қазан айының басында 6 қытай маманы келіп, монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жыл облысымыз үшін тартымды жаңалықпен басталғанын білесіздер. Қаңтар айында қаламыздың Рисмаш шағын ауданында «Smart Rubber» ЖШС базасында ескі автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы резеңке ұнтақтары мен жерасты суғару түтіктерін шығаратын өндіріс орны ашылды. Бұл зауыт Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған инновациялық тартымды жоба болып табылады. Жобаның артықшылығы, біріншіден, ол инновациялық технология болса, екіншіден «Жасыл экономика» принциптерінің жүзеге асыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, бұл жобаның ел көлемінде баламасы жоқ. Негізіне, өндіріске 2,5 тонна шикізат (тозығы жетіп, кәдеге аспай қалған автокөлік дөңгелектері) салып, 1.5 тонна өнім алынуда. Қазіргі таңда мұнда 40 адам еңбек етуде. Өндіріске жаңа технология Германия мемлекетінен әкелінген.
Сөзімнің соңында, алдағы 2015-2018 жылдары Индустрияландыру
картасындағы құны 150,9 млрд. теңгені құрайтын құрылыс, мұнай өндеу,
машина құрастыру, металлургия және тағы да басқа салаларды қамтитын барлығы 8 инвестициялық жоба іске
қосылатынын айта кетейін.Нәтижесінде жаңадан 1672 адамға жұмыс
орны құрылады деп күтілуде.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |