« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
"Сәрсембек” шаруашылығының тізгінін ұстаған Сәрсембек Ранов бұрын кеңшардағы маманның бірі еді. Елде тоқырау басталып, барлық нәрсе тапшы бола бастаған кезде ол тез серпілді. Жаңа заманның талабына сай, базарлы қатынасқа қойды да кетті, әрине ол кездегі сауда талабы, «ал да сат, үстіне қой да сат» секілді тым қарабайырлау еді. Дегенде, бұрынғы жоспарлы экономиканың нанын жегендерге мұны да көру қажет екендігін кейінгі уақыт дәлелдеп берді. Аздаған малдың басын қосып, шаруаға бет бұрды. Сүтін сауды, майын өткізді, батыс облыстарға қатынап, мал тасыды, оларын бордақылауға қойып, бір бас малды екі басқа жеткізген де осы Сәрсембек.
Қазір Шиелі ауданының Ақмая ауылындағы «Сәрсембек» шаруа қожалығында 155 бас ет бағытындағы ірі қара, 5 асыл тұқымды қазақтың ақбас бұқасы бар. Бір мезгіл жайылымға шығарылып, қора басында да талапқа сай жемі берілетін зеңгі баба тұқымы бір жаздың өзінде қаншама салмақ қосып шығады.
– «Сыбаға» бағдарламасы өзінің өміршеңдігін көрсетті. Мал ұстаған біздерге шарапаты мол, – дейді «Сәрсембек» шаруа қожалығының төрағасы, шаруақор жігіт ағасы С.Ранов бізбен әңгімесінде. Биылдың өзінде субсидияға 2 млн. 700 мың теңге алса, асыл тұқымды бұқалар үшін 752 мың теңге қазынасына қосылды. Жоғарыдағы мол ақша арасында шаруашылық малын жем-шөппен қамтамасыз ету жағдайы да қарастырылған.
Арнаулы топ Жаңақорғанға қарай бет алдық қолымызда мынадай мәлімет: «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы басталғалы бері, яғни 2011 жылдан бүгінге күнге дейін ауданда 34 шаруашылық субъектілеріне 408 миллион теңге несие берілді. Оған 138 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа мен 2406 бас қашар сатып алынып, өз төлі есебінен сұрыптау мақсатында асылдандыру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Келінтөбе ауылдық округіндегі «Хамит» шаруа қожалығында 300 бас сиыр және 10 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа бар. Мұнда да ірі қара тұқымын асылдандыру жолға қойылған. Шаруа қожалығының төрағасы – Сапарбек Такиров деген жігіт атакәсіпке ауыл мектебінің мұғалімдігінен келген. Бұрын сурет пен сызудан дәріс беріп жүрген азамат Хамит есімді бауырының жұмысын әрі қарай жалғастырып, мал басын өсіруге атсалысып жүр. Көкпарға шабатын ат баптайтын да әдеті бар. Шаруасы жайлының ұрты да майлы, еңбектің арқасында тұрмысы да жақсарған. Атшаптырым ауласында қос үй орын теуіпті. Алуан түрлі гүлдеріңде ауласына көрік беріп тұр. Ауыл әкімі Жақсылық Әбутәліп пен ғалым-агроном Керімхан Егізбаев екеуі екі жақтап ауыл тұрмысының жақсарғанын, Елбасы бағдарламасының шеткі аймаққа тигізген игілігін жарыса айтып, көңілімізді көтеріп тастады.
Келінтөбеден кейін Қаратөбе деген ауыл бар. Жас та болса, бас болып, кешегі қиыншылық кездері ауыл тұрғындарына жөн көрсеткен Құлмағамбет Исаханов осы елді мекендегі «Сұңқар» шаруа қожалығының төрағасы. Оның басшылығындағы шаруашылық та «Сыбаға» бағдарламасының аясында жұмыс атқарып келеді. 2014 жылы 150 бас аналық және 5 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқалармен селекциялық асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізсе, жылына 80 бас мүйізді ірі қара мен 50 бас жылқыны етке өткізеді. Малдан басқа егіншілік саласындағы жетістіктері біршама.
Жаңақорғандағы жүздеген шаруа қожалығының арасында тізгін ұстаған екі әйел бар, соның бірі Көктөбе ауылдық округіндегі «Рахман» шаруа қожалығының төрайымы Күміс Құлманова қарындасымыз.
«Рахман» шаруа қожалығы да ірі қара тұқымын асылдандыру бағытына жұмыс істейді. Сонымен қатар өткен 2013 жылы асыл тұқымды қаракөл тұқымдас уақ мал сатып алған. Осы мақсатқа екі сатыда мемлекеттен 17 млн. теңгедей субсидия алып отыр. Биылғы жылы қойды селекциялық асылдандыру жұмысын жоспарлап отыр. Малшысы Қазбек Мұратұлы, мал дәрігерлері – Медет Досанов пен Мұхит Мұстияров та қора басында екен, өз істерімен болып, емдеу-сауықтыру шараларын жүргізіп жатты. Мал аурудан сау болса, өсімі де, өнімі де мол болары анық. Сондықтан шалғай елді мекендерде жұмыс істеп жүрген мал дәрігерлерінің де ел дамуына, атакәсіптің өркендеуіне қосар үлесі аз емес.
Біркүндік сапар барысынан бірталай жағымды жаңалыққа кезіктік, бастысы ауыл адамдарында атакәсіпке деген ықылас қайта оянғандығы, оған негіз әрине – «Сыбаға» бағдарламасы.
Иә, сыбағадан құр қалмаған жөн.
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі, Жаңақорған аудандары.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |