« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы болып өтті. Күн тәртібінде бес мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстар негізінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары туралы кеңінен баяндады.
Қала бюджеті жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артып, 36 млрд. 363 млн. теңгені құраған. Аталмыш қаржының басым бөлігі білім, коммуналдық шаруашылық, құрылыс саласына бағытталған. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен есепті мерзімнің алты айында 554 млрд. 357 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 12 млрд. 66млн. теңге болып, тамақ, нан, ет өнімдерінің пайызы едәуір жоғары көрсеткішті құрап отыр.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 561 млн. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 18,6 пайызға ұлғайған. Ал, мал шаруашылығына келетін болсақ, облыс аумағында барлық мал басы түрінен өсім бар екенін аңғаруға болады. "Сыбаға” бағдарламасы аясында жоспарланған жұмыстар толық орындалып, белгіленген межеге жетіп отыр. Сондай-ақ, еліміздегі жұмыссыздықты жоюды көздейтін "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы” бағдарламасы аясында өңірімізде 680 азамат кәсіптік және қайта даярлау курстарынан өтіп, 457 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылса, 370 жас маман тұрақты жұмысқа орналасқан. Осы тұста "Дипломмен ауылға” бағдарламасы аясында да нәтижелі жұмыстар атқарылып, талай жасты жұмыспен қамтып, баспаналы болуға септігін тигізіп келеді. Кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар да жасалуда.
Халықтың тұрғын үйге сұранысын қанағаттандыру мақсатында 24 тұрғын үйдің құрлысы жүргізіліп, 22 үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал, жыл ішінде 750 отбасы қоныс тойын тойлайды деп күтілуде. Қалаішілік көшелер де заманауи талаптарға сай жөндеуден өтуде. Аулаішілік жолдар мен автотұрақтар жаңартылуда.
Сондай-ақ, балалардың балабақша кезегін азайту барысында жыл басынан бері 7 жеке балабақша ашылды. Республикада балабақша санынан облыс алдыңғы орында келеді. Оған қоса, білім ошақтары күрделі жөндеуден өтуде. Балаларға спорттық алаңдар салынып, бұқаралық спортты дамытуды қолға алуда. Тағы бір қуанарлық жайт, биыл Ана мен бала орталығы ашылып, өз жұмысын бастады.
Қала әкімі сөз соңында барлық атқарылып жатқан жұмыстарды айта келе, алдағы орындалатын мақсат-міндеттерге де тоқталды.
Одан әрі сөз алған қалалық мәслихат депутаты Т.Жұматов қаланың даму процесі қарқынды түрде жүзеге асып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, құрылыс ауқымы кеңейіп, зәулім ғимараттар бой түзеп, қала көшелері жасыл желекке оранып, көркем гүлзарлар көздің жауын алатынын алға тартты.
Жалпы, екінші мәселе бойынша қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мырзахмет Дүйсебаев сөз алып, "Белкөл және Тасбөгет кенттерінің шекараларын өзгерту туралы” қала әкімдігінің 2013 жылғы 28 тамыздағы №764 қаулысына және қалалық мәслихаттың өткен жылдың 28 тамыздағы №21/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы айтып, депутаттар сауалына жауап берді.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі үшінші және төртінші мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серік Дүйсенбаев қалалық мәсихаттың 2013 жылғы 25 шілдедегі №20/3 шешімінің күші жойылуына ұсыныс жасап және осы шешімнің жойылуына байланысты "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы” мәселесін қайта ұсынды. Соңғы мәселе "Қалалық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы болды.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер қаралып, талқыланды. Қойылған сұрақтарға қатысты тұшымды жауап қайтарылып, тиісті шешімдер қабылданды.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |