СЫР ЖАҒАСЫНДАҒЫ СҰЛУЛЫҚ

Кешегі Қызылорда мен бүгінгі Қызылорданы салыстыруға мүлдем кел­мейді, шаруа-шамасында шапшаң да­мудың ширақ қозғалысы қалыптасқан. Дамуы дилы болса, шаһар шырайының сән-салтанаты да еселене түседі. Соған сай көшелер кеңейіп, жол қозғалысы рет­теліп, жарықтанудың эстетикалық жаңалығы жаңғырып жатыр. Келбетінен күн күліп, көркейту-көгалдандыру көр­кем рең таққан сайын қаланың ортақ мүддесіне халықтың атсалысуы артты. Біткен іс бізді сендірді және ертеңгі се­німді күшейтті.

Рас, қаланың әлеуметтік және ин­фра­құрылымдық жобаларды іске қо­су, қолайлы инвестициялық ахуалға кө­шу барысында адуынды аймақ эко­но­ми­касының айшықты үлгісін көрсетіп отыр. Қай қырынан қарасаң да өсу динамикасы, қанат жайған қарқынды істер, қуатты жобалар жүзеге асуда. Бұл табысқа төселген төте жол секілді татымды тірліктің томағасын шешкендей әсер етеді. Ал, табыс молшылықтың мерейі.

Қазір облыста өндірілетін өнімнің 94,2 пайызы, салынған құрылыс нысан­дарының үштен бірі Қызылорда қаласы­ның үлесінде. Демек, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің артуы, қала бюджетінің өсуі айшық үлгісін көр­сетті. Берекелі істің бастауына айналған байыпты бағдарлама «Жұмыс­пен қамту – 2020 жол картасы» аясында қанша азамат тұрақты жұмысқа орна­ласты, қанша тұр­ғын шағын несие алып, өз кәсібін ашты. Соңғы кездегі ста­тистикалық деректер, қаладағы кәсіп­кер қатары 26 мыңнан асып түскенін дәлелдейді.

«Бизнестің жол картасы – 2020», индустриалды-инновациялық даму бағ­дар­ла­маларының шаһар үшін шынайы мүмкіндігі мол болды дей аламыз. Өйт­кені жұмыссыздықты жоюға, кә­сіпкерлік көзіне айналған ықпалы өзді­гінен белгілі мақсатын байқатып үлгерді.

Рас, қай мәселенің де тетігі қаржыға тіреледі. Қаржысы шешілген іс қомақты, қауқарлы атқарылады. Бүгінгі бақуатты хал-жайымыз баянды бағдарламаларды бағындырудың бағыты дер едім. Себебі, күн санап өріс алған өркениет өрімі сенімді өсіріп отыр.

Жалпы, әлемдегі тарихи қалалардың табиғатына үңілсек, тіпті Орынборды алсақ, шаһардың орналасу реттілігі көне жәдігерлерді сақтаумен ерекшеленеді, жаңа қаланың жобасы өз алдына бөлек салынған. Қызылорда үшін де осындай бағдар қажет сияқты. Қазір қаланың сәулетті ажары Жалаңтөс баһадүр көшесі бойына шоғырланып, кіреберіс қақпадан келбетті көрініске ене бастаймыз. Ұлы өзеннің жағасына жайғасқан қаланың әлі де жайқалып, жасарып, жаңара беретіні сөзсіз.

Сәулетті сұлулық сілкініс жасауы мәдениеттіліктің де белгісі. Бұрын көше шамдарын сындырып кету, бүтін затты бүлдіру жастардың үйреншікті әдетіндей еді. Қазір мүлдем басқаша, қаланың қа­рыштануы қанат жайған сайын сана мәдениеті, патриоттық сезім өсті. Міне, адам­ды қоршаған ор­таның, өркениет бел­гілерінің әсері осы­лай жақсылыққа же­телейді, дамуға дәріптейді.

Әрине, уақыт та­ла­бындағы мәселе сан тарау. Тоқшылықтың тартуы тұрмыс сал­ты­мызды да ке­ле­лі белеске көтерді. Ендігі кезекте қоғам алдындағы жекенің жауапкершілігін жоғары қою қажет. Ортақ мүдде ұғымын өрістеткен абзал. Ал, қала осындай қамқорлықты іздейді.

Негізі барлық салада береке бар. Туған қаланың тұғыры табысымен биік­тей түссе, қай тұрғын да бұған қуанады. Сол қуаныштан туындаған, арайлы ажарынан кестеленген ой-тілекпен шаһар туралы шындықты жас жігіттің көзімен аңғарғаным осы болды.

 

Ерасыл Шәрібек,

Қорқыт ата атындағы

ҚМУ-дың студенті.
ДӘУЛЕТ 07 маусым 2014 г. 855 0