« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Еліміздің ауыл шаруашылығын өркендетуге соңғы кездері жігерлі қадамдар жасалып, саланың дамуына қомақты қаржы бөлініп жатқаны белгілі. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу ісінде сапаны жақсартып, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеруде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
Дегенмен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге, әсіресе осы өнімнің басты бөлігін беріп отырған майда шаруашылықтарға мемлекеттік қолдау механизмі әлі де болса жетілдіре түсуді қажет етеді. Шындығын айтар болсақ, майда шаруашылықтар мемлекеттік қолдаудан көп жағдайда шет қалып келеді. Олардың аталған жеңілдіктерді алу үшін тиісті шарттарға мүмкіндіктері сай келмейді. Өйткені мемлекет бөлген қаржы оларға тікелей емес, екінші деңгейдегі банктер арқылы өтеді.
Егер майда шаруашылықтарды дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау механизмі жетілдірілсе, экспортқа сұранып отырған өнім түрлерін өндіру жолға қойылар еді. Ал бізде қазақ халқының атам заманнан бері өндіріп келе жатқан өнім түрлерінің бәрі жоғары сұранысқа ие болатын тауар деуге болады. Көпшілікке белгілі қымыз, шұбат, қазы-қарта, жал-жаяны айтпағанның өзінде бізде өнімнің басқа түрлері де жеткілікті ғой. Бірде пойызда келе жатып бір саудагердің баланың саусағындай кептірілген банан сатып жүргенін көріп ойға қалдым. Біздің қауын қақ, мысалы, дәмі болсын, адамға пайдалылығы болсын барлық жағынан алғанда әлгі бананды он орап алмай ма? Мұндай мысал тізе берсек жеткілікті.
Ауыл шаруашылығын өркендетіп, еліміздің бүкіләлемдік сауда ұйымына өту қарсаңында бәсекеге қабілетті өнімдер түрін көбейтуге жер ресурстарын тиімді пайдаланудың маңызы өте зор. Бізде арзан өнімнің кені, ұлан-ғайыр миллиондаған гектар жайылымдық алқаптар бар.
Жерді пайдаланбай, одан өнім өндірмей, құр аздырып отырған жер пайдаланушылардан жерді мемлекетке қайтарып, оны дұрыс пайдаланатындарға беруге көңіл бөлініп отыр. Бұл, әрине, дұрыс. Жерді алып не өзі пайдаланбай, не басқаға бермей отырғандар аз емес. Дегенмен, жерді қайтып алу кезінде әрбір нақты жағдай толық ескеріліп, жерді пайдаланбау себептерін анықтап барып шешім қабылдаған жөн деп санаймын.
Жүрсін ОПАБЕКҰЛЫ,
жер қатынастары саласының ардагері.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |