АЙМАҚ БАЙЛАНЫСЫНА АЙРЫҚША ҮЛЕС

АЙМАҚ БАЙЛАНЫСЫНА АЙРЫҚША ҮЛЕСОблыс әкімі Қ.Көшербаев байланыс саласының ардагері Әбдіхан Көбеевті мерейтойымен құт­тықтап, «Құрмет» грамотасын табыс етті.

Еңбек жолын облыстық байланыс басқармасының инженері болып бастаған Ә. Көбеев әр жылдары Арал аудандық байланыс торабының меңгерушісі, Қызылорда қалалық біріккен байланыс торабының бастығы қызметтерін атқарған. Маңызы зор саладағы мінсіз қызметі мен тәжірибесі ескеріліп, 1979 жылы облыстық өндірістік-техникалық байланыс басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Әбдіхан Көбейұлы аймақтағы байланыс саласының қар­қынды дамуына үлес қосумен қатар, қиын да күрделі мамандық иелерінің бір толқынын тәрбиелеп шығарған ұстаз.

Қабылдауда облыс басшысы сексеннің сеңгіріне шыққан мерейтой иесіне жылы лебізін білдіріп, иығына шапан жапты.


ДӘУЛЕТ 27 мамыр 2014 г. 833 0