Жалағаштықтарды қуантқан жаңалық

Сыр өлкесі – ежелден-ақ еңбек­пен даңқы шыққан мекен. Соның дәлелі, соңғы үш жылда күріш өндіруден рекордтық көрсеткіш орнатты. Айталық, биыл аймақтағы басты дақыл – Сыр күрішінен тарихта бұрын-соңды болмаған өнім өндіріліп, 500 мың тоннадан астам Сыр салысы жиналды. Яғни, Отан қоймасына құйылған алтын астықтың үштен бір бөлігін өңір диқандары өндірген.

Аймақ басшысының облыс тұрғындары алдындағы есеп беру жиынынан аңғарғанымыздай, ал­­­­да­­ғы уақытта да бұл салада ау­қым­­ды жобалар қолға алынбақ. Мәселен, ауыл шаруашылығы өні­мін өңдеу бойынша кәсіпорын­дардың жүктемесін қамтамасыз ету бағытында  экспортқа лайық агро­өнеркәсіп кешені тауар­ларының түрін, оның ішінде, өңдеу кәсіпорындарының өнім көлемін арттыру  бағытында нақты шаралар қа­был­­данып отыр. Сол сияқты асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту, бұл орайда салада өнді­рілетін өнімнің көлемін және сапасын  арттыруды субсидия­лау жұ­мыс­тары жүйелі жалғасын табады. Биыл аймағымызда «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланып, бұл мақсатта  сала жұмысына серпін беретін көптеген жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Сондай-ақ, биыл аймақтық даму жоспары бойынша тіректі елді мекен санатындағы Жалағаш ауданының, Мәдениет ауылында 90 орындық балабақша, 150 орын­дық ауылдық клуб және спорт кешенінің құрылысы аяқ­талып, пайдалануға беріліп, аудандық орталық аурухананың, М.Шәменов ауылындағы №34 орта мектептің құрылысы бас­талады деп күтілуде. Сонымен қатар, жалағаштықтарды айрықша қуантқан жаңалық – алдағы жылы аудан орталығын газдандыру жұмыс­тары қолға алынғалы отыр. Осының барлығы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағ­дайы­ның жыл санап жақсарып келе жатқанынының айғағы.

Иә, бұл айтып өткеніміз, аймақ көлемінде атқарылып жатқан жұ­­мыс­­­тардың бір парасы ғана, ал алдағы уақыттың еншісінде қаншама ауқымды тірліктер бар. Біздің тілек, жемісті қадам жал­ғасын тапсын!

                   Байна НАРШАЕВ,

Жалағаш ауданының Құрметті азаматы.

ДӘУЛЕТ 19 ақпан 2018 г. 987 0